О внесении дополнений в приказ Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 30 июня 2025 года № 112 «Об утверждении перечня военно-прикладных и служебно-прикладных, технических и других видов спорта» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 112 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 112 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлерінің тізбесінде: 1- тарау. «Әскери-қолданбалы спорт түрлері»: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10 және 11-жолдармен толықтырылсын: « 10. Страйкбол 11. Пейнтбол ».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі мәтінін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институт» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауға жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі