О внесении изменений в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 30 мая 2025 года № 187 «Об утверждении Правил реализации мер государственной поддержки, направленных на улучшение жилищных условий» Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы
30 мамырдағы № 187 бұйрығына өзгерістер
енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36186 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарға, қандастарға:
1) бірыңғай республикалық электрондық базада немесе «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында есепке қою күні бойынша;
2) бірыңғай республикалық электрондық базаның немесе «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасының деректеріне сәйкес отбасы құрамында үш адамнан артық болған кезде отбасының соңғы 6 (алты) айдағы жиынтық табысымен отбасының әрбір мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) – көрсеткішінен аспайтын табыс немесе оның болмауы;
3) бірыңғай республикалық электрондық базаның немесе «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасының деректеріне сәйкес отбасы құрамында екі адамнан артық болмаған кезде екі адамнан тұратын отбасы құрамы соңғы 6 (алты) айдағы жиынтық табысымен отбасының әрбір мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,5 (үш жарым) – көрсеткішінен аспайтын табыс немесе оның болмауы;
4) бірыңғай республикалық электрондық базаның немесе «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасының деректеріне сәйкес отбасы мүшелері болмаған кезде Қазақстан Республикасы азаматының соңғы 6 (алты) айдағы табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 5,5 (бес жарым) – көрсеткішінен аспайтын табыс немесе оның болмауы;
Отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында алынған:
еңбекақы түрінде алынатын табыстар, атап айтқанда: еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, уақытпен төленетін, сондай-ақ сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар, сондай-ақ ақшалай нысандағы ынталандыру және өтемақы төлемдері (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерлерге төленетін ақшалай сомаларды қоса алғанда, қаржыландыру көзіне қарамастан);
кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістер.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен соңғы 6 (алты) айда отбасылық жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне 5 (бес) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын, Заңның 74-бабы 1-тармағының 3-бөлігінде айқындалған бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар жылдық 2% (екі пайыз) ставкасы бойынша жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарызының қатысушылары болып табылады.
Отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында алынған мынадай табыс ескеріледі:
еңбекке ақы төлеу түрінде алынатын кірістер, атап айтқанда: еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, уақытына қарай, сондай-ақ сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар, сондай-ақ ақшалай нысандағы ынталандырушы және өтемақы төлемдері (қаржыландыру көзіне қарамастан, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмыскерлерге төленетін ақшалай сомаларды қоса алғанда);
кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Жылдық 5% (бес пайыз) мөлшерлеме бойынша жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарызының қатысушылары соңғы 6 (алты) айдағы еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түскен жиынтық отбасылық табысы бар бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар болып табылады.
Отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында алынған мынадай табыс ескеріледі:
еңбекақы түрінде алынатын, атап айтқанда: еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, уақытына қарай, сондай-ақ сыйлықақылар, қосымша төлемдер, үстемеақылар, сондай-ақ ақшалай нысандағы ынталандыру және өтемақы төлемдері (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ келісімдерге, еңбек ұжымдық шарттармен және жұмыс берушінің актілерімен);
кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Заңның 68-бабында айқындалған бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде тұрған, отбасының еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен жиынтық табысы бар Қазақстан Республикасының азаматтары жылдық 7% (жеті пайыз) ставка бойынша жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарызының қатысушылары болып табылады.
Отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында алынған мынадай табыс ескеріледі:
еңбекақы түрінде алынатын, атап айтқанда: еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, уақытына қарай, сондай-ақ сыйлықақылар, қосымша төлемдер, үстемеақылар, сондай-ақ ақшалай нысандағы ынталандыру және өтемақы төлемдері (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ келісімдерге, еңбек ұжымдық шарттармен және жұмыс берушінің актілерімен);
кәсіпкерлік қызметтен.»;
56 және 57-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«56. Ипотекалық тұрғын үй қарызын ресімдеуден бас тартқан жағдайда, қарыз беру туралы шешім қабылдаған ЕДБ соманы жергілікті бюджетке қайтаруды жүзеге асырады.
57. Тұрғын үй сертификаты көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үйге мұқтаждар ретінде бірыңғай республикалық электрондық базада немесе «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында есепке қою орны бойынша қызметтерді көрсетуші тарапынан беріледі.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-1-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты оның ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
Басқа 1. Коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінетін тұрғынжайды немесе жеке
тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайды алуға келісу
туралы өтініш
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрі 2026 жылғы
24 шілдедегі № 374
бұйрығына 1-қосымша
Тұрғын үй жағдайларын
жақсартуға бағытталған
мемлекеттік қолдау
шараларын іске асыру
қағидаларына
1- қосымша
Нысан
_________________________
Қазақстан Республикасы азаматынан
(тегі, аты, әкесінің аты)
(бар болған жағдайда),
жеке сәйкестендіру
нөмірі __________________
Коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінетін тұрғынжайды немесе жеке
тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайды алуға келісу
туралы өтініш
Мен _________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
коммуналдық тұрғын үй қорынан ___ бөлмелерден тұратын тұрғынжай алуға келісім беремін
_______________________________________________________
(берілетін тұрғын үйдің мекенжайы көрсетіледі)
___ қабатта, жалпы ауданы ___ шаршы метр.
Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
«__» __________ 20 __ жыл.
ЭЦҚ
Басқа 2. Бас тарту туралы өтініш
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрі
2026 жылғы 24 шілдедегі
№ 374 бұйрығына
2-қосымша
Тұрғын үй жағдайларын
жақсартуға бағытталған мемлекеттік
қолдау шараларын іске асыру
қағидаларына
2- қосымша
Нысан
_____________________________
Қазақстан Республикасы азаматынан
(тегі, аты, әкесінің аты)
(бар болған жағдайда),
жеке сәйкестендіру
нөмірі __________________
Бас тарту туралы өтініш
Мен _________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін ___ бөлмеден тұратын тұрғынжайдан
бас тартамын _________________________________________________________________
(берілетін тұрғынжайдың мекенжайы көрсетіледі)
___ қабатта, жалпы ауданы ___ шаршы метр, себебі
_________________________________________________________________
(берілетін тұрғын үйден бас тарту себебі көрсетіледі)
Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
«__» __________ 20 __ жыл.
ЭЦҚ
Басқа 3. Тұрғынжайды жалдаудың үлгілік шарты
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
2026 жылғы 24 шілдедегі
№ 374 бұйрыққа
3-қосымша
Тұрғын үй жағдайларын
жақсартуға бағытталған
мемлекеттік қолдау шараларын
іске асыру қағидаларына
3-қосымша
Тұрғынжайды жалдаудың үлгілік шарты
Облыс, «______________» ___ қаласы __________ 20 ___ жыл
№ ________ шарт
Жалға беруші ______________________________________________________
(тұрғын үй беретін органның атауы)
___________________________ негізінде әрекет ететін
_______________________________________________________________атынан
(құрылтай құжаттары)
Жалға алушы Қазақстан Республикасы азаматы (шасы) атынан
_____________________________________________________________________
(жалдаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын осы Мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған
тұрғынжайды жалдау шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
Тарау 1. 1-тарау. Шарттың мәні
1-тарау. Шарттың мәні
1. Жалға беруші Жалдаушыға және оның отбасы мүшелеріне:
№
Отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі
Туыстық дәрежесі
Мынадай мекенжайда орналасқан:
_____________________________________________________________________
бөлмеден тұратын, пайдалы алаңы, _______ шаршы метр, оның iшiнде тұрғын
алаңы ________ шаршы метр, тұрғын емес алаңы ________ шаршы метр тұрғынжайды жалға (қосымша жалға) береді, оның сипаттамасы осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын тұрғынжайды қабылдау-беру актісінде көрсетілген.
Тарау 2. 2-тарау. Есеп айырысуды жүргізу тәртібі
2-тарау. Есеп айырысуды жүргізу тәртібі
Тармақ 2
2. Тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлем айына ____ теңгені құрайды. Төлем мөлшерін есептеу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекітілген, «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7163) болып тіркелген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлем шоттарын Жалға беруші Жалға алушыға береді.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемді жалдаушы тиісінше республикалық немесе жергілікті бюджетке аударады.
Тармақ 3
3. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды төлеуді Жалға алушы кондоминиум объектісін басқару органының не тұрғын үй (тұрғын ғимарат) иесінің шоттары бойынша жүргізеді.
Тармақ 4
4. Жеке шарт бойынша Жалға алушыға көрсетілетін коммуналдық және өзге де қызметтер үшін төлемді тікелей қызмет көрсетуші жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Шарт бойынша бүкіл есеп айырысулар мынадай тәртіппен жүргізіледі
Тармақша 1
1) Жалға алушы (қосымша жалға алушы) осы Шартты жасасқан сәттен бастап он күнтізбелік күн ішінде тұратын алғашқы айға толық көлемде алдын ала төлем жасайды;
Тармақша 2
2) одан кейінгі төлемді Жалға алушы есептесу кезеңінен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей жүргізеді. Төлем мерзімдері сақталмаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күнге төлем сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде өсімпұл есептеледі.
Тармақ 6
6. Шарт бойынша бір айдан артық ақы төленбеген жағдайда Жалға беруші соттың шығындардың орнын толтыра отырып, Жалға алушыдан төлемді мәжбүрлеп өндіріп алу туралы сотқа жүгінуге құқылы.
Тармақ 7
7. Жалға алушы тұрғын үйді, инженерлік желілерді және ортақ пайдаланылатын орындарды тұрғынжай, тұрғын үй (тұрғын ғимарат) элементтерінің техникалық сипаттамасының нашарлауына, ақауына, бүлінуіне, қирауына алып келетіндей күтіп ұстамаған кезде Жалға беруші Жалға алушы өтеуге тиіс келтірілген зиян мөлшерін көрсете отырып, акт жасайды. Келтірілген зиянның көрсетілген мөлшерінің құнына Жалға алушы келісім берген кезде Тараптар актіге қол қояды. Жалға алушы өтеуге жататын келтірілген зиянның құнымен келіспеген жағдайда өндіріп алу сот тәртібінде жүргізіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Тараптардың құқықтары
3-тарау. Тараптардың құқықтары
Тармақ 8
8. Жалға беруші:
Тармақша 1
1) Жалға алушының немесе Жалға алушы отбасының кәмелетке толған мүшесінің келісімі бойынша және қатысуымен берілген тұрғынжайдың тұрғын және қосымша үй-жайларының техникалық қондырғылары конструкцияларының жай-күйіне тексеру жүргізуге;
Тармақша 2
2) осы Шартты «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 103-бабының негізінде бұзуға;
Тармақша 3
3) Жалға алушыны және онымен бірге тұратын адамдарды Заңның 107, 108-баптарында көзделген негіздер бойынша басқа тұрғын үй берместен одан тұрғын үйді босатуға талап ету;
Тармақша 4
4) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін уақытында және толық аударым жасауға бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) тұрғын үйді мақсатты пайдалануға бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 9
9. Жалға алушы:
Тармақша 1
1) өзі және (немесе) өзінің отбасы мүшелері алты айдан артық мерзімде болмаған кезде Жалға берушіні бұл туралы жазбаша хабардар еткен және осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындаған жағдайда тұрғын үйді пайдалану құқығын өзіне қалдыруға;
Тармақша 2
2) Жалға алушы уақытша болмайтын тұрғын үйде тұрып жатқан Жалға алушының отбасы мүшелері бұрынғы талаптар бойынша тұрғын үйді пайдалануға құқылы. Бұл ретте олар осы Шарт бойынша құқықтарды жүзеге асырады және міндетті болады;
Тармақша 3
3) қажет болған жағдайда, Жалға берушіден тексеру актісін жасай отырып, берілген тұрғын үйдің, оның ішінде конструкциялар мен техникалық құрылғылардың жай-күйіне жоспардан тыс тексеру жүргізуді талап етуге;
Тармақша 4
4) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін аванспен төлемдер жасауға құқылы.
Тарау 4. 4-тарау. Тараптардың міндеттері
4-тарау. Тараптардың міндеттері
Тармақ 10
10. Жалға беруші:
Тармақша 1
1) осы Шартқа Тараптар қол қойғаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде Жалға алушыға қабылдау-беру актісі бойынша белгіленген техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және басқа да міндетті талаптарға жауап беретін жай-күйдегі тұрғынжай беруге;
Тармақша 2
2) тұрғынжайға күрделі жөндеу жүргізуге;
Тармақша 3
3) Жалға алушы (оның талабы бойынша) тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге арналған тарифтермен және есептемелермен таныстыруға;
Тармақша 4
4) егер тұрғынжай не тұрғын үй (тұрғын ғимарат) Тараптарға байланысы жоқ мән-жайлардың әсерінен мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз жай-күйге, авариялық жай-күйге түссе немесе бұзылуға тиіс болса, Жалға беруші үш ай мерзім ішінде Жалға алушымен өзге тұрғын үй-жайды жалдау шартын жасасуға не Жалға алушының қалауы бойынша осы Шартты бұзуға;
Тармақша 5
5) авариялар болған және форс-мажорлық ахуал туындаған жағдайда, оларды жою үшін дереу барлық қажетті шараларды қабылдауға;
Тармақша 6
6) Жалға алушыға осы Шартта белгіленген тәртіпте тұрғынжайға иелік етуге және пайдалануға кедергі келтірмеуге;
Тармақша 7
7) осы Шарттың талаптары немесе тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлем мөлшері өзгерген жағдайда тұрғынжайды пайдаланғаны үшін кезекті төлем енгізуге отыз күнтізбелік күн қалғанда Жалға алушыға осы жағдайды хабарлауға;
Тармақша 8
8) тұрғынжайды пайдаланғаны үшін кезекті төлем енгізгенге кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей мерзімі өтіп кеткен төлемдер үшін өсімпұл және айыппұл есептелгені туралы Жалға алушыға хабарлауға міндетті.
Тармақ 11
11. Жалға алушы:
Тармақша 1
1) тұрғынжайды мақсатына сай пайдалануға;
Тармақша 2
2) тұрғынжайды техникалық жарамды және тиісті санитариялық- эпидемиологиялық жағдайда күтіп-ұстауға;
Тармақша 3
3) тұрғынжайды, ортақ пайдаланылатын орындарды пайдаланудың қағидаларын, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін және үй маңындағы аумақты күтіп-ұстау қағидаларын, өртке қарсы және техникалық қауіпсіздік қағидаларын сақтауға;
Тармақша 4
4) жалға (қосымша жалға) берілген тұрғынжайдың суды, электр энергиясын, жылу энергиясын есептеу аспаптарының, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау жүйелерінің, басқа элементтерінің анықталған ақаулары туралы Жалға берушіге уақтылы хабарлауға;
Тармақша 5
5) тұрғынжайды қайта жаңартуды, қайта жоспарлауды және қайта жабдықтауды жүргізбеуге;
Тармақша 6
6) тұрып жатқан тұрғынжайды (пәтерді, бөлмені) басқа жалға алушылармен ауыстыруды жүргізбеуге;
Тармақша 7
7) осы Шарттың талаптарына сәйкес белгіленген мөлшерде тұрғынжайды пайдаланғаны ағымдағы және жинақтау жарналары, коммуналдық қызметтер үшін уақытында төлем енгізуге;
Тармақша 8
8) күндізгі уақытта, ал төтенше жағдайлар кезінде түнгі уақытта да тұрғынжайдың элементтерін қарауды және жөндеуді жүргізу үшін Жалға берушінің жұмысшылары мен тұрғынжайға қызмет көрсететін және жөндейтін кәсіпорынның өкілдерін кіргізуге;
Тармақша 9
9) Жалға берушіге Жалға алушының немесе онымен бірге тұрып жатқан адамдардың кінәсінен болған тұрғын жайдың, жалпы пайдаланылатын орындардың, тұрғын үй (тұрғын ғимарат) мен оның жабдықтарының бүлінуіне байланысты залалдарды өтеуге;
Тармақша 10
10) осы Шарт бойынша өз құқықтарын кепілге бермеуге;
Тармақша 11
11) осы Шартты бұзған немесе оның мерзімі өтіп кеткен кезде он күнтізбелік күн ішінде Тараптар қол қойған тұрғынжайды беру актісі бойынша Жалға берушіге тұрғынжайды қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.
Тарау 5. 5-тарау. Жалдау шартын тоқтатудың негіздері, зардаптары және тәртібі
5-тарау. Жалдау шартын тоқтатудың негіздері, зардаптары және тәртібі
Тармақ 12
12. Осы Шарт Тараптардың бірінің бастамасы бойынша кемінде бір ай бұрын басқа Тарапқа жазбаша ескерте отырып, кез келген уақытта бұзылуы, тоқтатылуы мүмкін.
Тармақ 13
13. Осы Шарт мынадай:
Тармақша 1
1) Шарт мерзімінің аяқталған;
Тармақша 2
2) Заңның 107-бабына сәйкес осы Шарттың қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған;
Тармақша 3
3) Жалға алушы және оның отбасы мүшелері басқа жерге тұрғылықты мекенге кеткен жағдайларда өзінің қолданысын тоқтатады.
Тармақ 14
14. Осы Шарт тоқтатылған жағдайда, Заңның 103-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Жалға алушы және оның отбасының мүшелері басқа тұрғынжай берілместен, тұрғын үйді босатуға тиіс.
Заңның 105-бабындағы негіздер бойынша осы Шарттың қолданысы тоқтатылған жағдайда Жалға алушыға және оның отбасының мүшелеріне басқа тұрғынжай беріліп, олар тұрғын үйді босатуға тиіс.
Тармақ 15
15. Жалға алушының жеке қаражатына жүргізілген жөндеу және үйдің конструкцияларына зиян келтірмей бөліп алынбайтын тұрғынжайды жақсарту Жалға берушіге тұрғын үймен бірге тапсырылады және Жалға берушінің тарапынан өтеуге жатпайды.
Тармақ 16
16. Осы Шартты тоқтату, бұзу кезінде екі Тарап өкілдерінің қатысуымен тұрғынжайды Жалға алушыдан Жалға берушіге тапсыру актісі жасалады.
Тарау 6. 6-тарау. Тұрғынжайды қабылдау-беру мерзімі және тәртібі
6-тарау. Тұрғынжайды қабылдау-беру мерзімі және тәртібі
Тармақ 17
17. Жалға беруші осы Шартқа қол қойғаннан кейін он бес күнтізбелік күн ішінде Жалға алушыға тұрғынжайды қабылдау-беру актісі бойынша тапсырады.
Тармақ 18
18. Жалға алушы тұрғын үйді осы Шартты тоқтату, бұзу мерзімдері аяқталған кезден бастап он күнтізбелік күн ішінде Жалға берушіге Тараптар қол қойған тұрғынжайды тапсыру актісі бойынша тапсырады.
Тармақ 19
19. Тұрғынжайды қабылдау-беру актісі және тұрғынжайды тапсыру актісі осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады, онда тұрғынжайдың тиісті актіге қол қойған кездегі санитариялық-эпидемиологиялық, техникалық жай-күйі мен басқа сипаттамалары тіркеледі.
Тарау 7. 7-тарау. Дауларды қарау тәртібі
7-тарау. Дауларды қарау тәртібі
Тармақ 20
20. Осы Шарттан немесе оған байланысты туындауы мүмкін Тараптардың арасындағы даулар келіссөздер арқылы, ал келісімге қол жеткізбеген жағдайда сот тәртібінде шешіледі.
Тарау 8. 8-тарау. Қорытынды ережелер
8-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 21
21. Осы Шарт бірдей заңдық күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде үш данада жасалады. Осы Шарттың бір данасы мемлекеттік мекеменің (мемлекеттік кәсіпорынның) әкімшілігінде сақталады, екіншісі жергілікті атқарушы органға беріліп, қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, ал үшіншісі Жалға алушыға беріледі және мемлекеттік тұрғынжайға қоныстануға құқық беретін бірден-бір құжат болып табылады.
Тармақ 22
22. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда жазылса және оларға Тараптар қол қойса, олар жарамды болады.
Тармақ 23
23. Осы Шарт 20 __ жылғы «___»_________ бастап күшіне енеді және 20 __ жылғы «___» _________ дейін қолданылады.
Тарау 9. 9-тарау. Тараптардың мекенжайы және деректемелері
9-тарау. Тараптардың мекенжайы және деректемелері
Жалға беруші
_______________________________
_______________________________
_______________________________
Тараптардың қолдары
Жалға беруші ___________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
қолы)
Жалға алушы
________________________________
________________________________
________________________________
Жалға алушы _____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
қолы)
Осы Шарттың талаптарымен таныстым:
Жалға алушының отбасы мүшелері:
№
Туысқандық дәрежесі
Жалға алушының және отбасының кәмелетке толған, іс-әрекетке қабілетті мүшелерінің аты-жөні
Басқа 4. Өтініш
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрі
2026 жылғы 24 шілдедегі
№ 374 бұйрығына
4-қосымша
Тұрғын үй жағдайларын
жақсартуға бағытталған
мемлекеттік қолдау
шараларын іске асыру
қағидаларына
3-1- қосымша
Нысан
_____________________________
Қазақстан Республикасы азаматынан
(тегі, аты, әкесінің аты)
(бар болған жағдайда),
жеке сәйкестендіру
нөмірі __________________
Өтініш
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй
қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды Жалдау шартын
өзгертуге өтініш
Мен, ________________________________________________________;
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________________________ байланысты
(Жалдау шартына өзгеріс енгізу себебі көрсетіледі)
20__ жылғы «____» ___________ № _________ коммуналдық тұрғын үй қорынан
тұрғын жайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған
тұрғынжайды жалдау шартына (бұдан әрі - Жалдау шарты) өзгерістер енгізу мүмкіндігін
қарастыруды сұраймын;
Қосымшалар: 1. ____________________; 2. ___________________.
(Келісімді отбасының барлық кәмелетке толған мүшелері білдіреді)
Мен, __________________________________________________________,
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)
20__ жылғы «__» _____ № _____ Жалдау шартына өзгерістер енгізуге келісемін.
Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
«__» __________ 20 __ жыл.
Басқа 5. Өтініш
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрі
2026 жылғы 24 шілдедегі
№ 374 бұйрығына
5-қосымша
Тұрғын үй жағдайларын
жақсартуға бағытталған
мемлекеттік қолдау
шараларын іске асыру
қағидаларына
5- қосымша
Нысан
__________________________
(астана, республикалық және
облыстық маңызы бар қала, аудан)
әкіміне
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
(бар болған жағдайда)
_____________________________
Қазақстан Республикасы азаматынан
(тегі, аты, әкесінің аты)
(бар болған жағдайда),
жеке сәйкестендіру
нөмірі __________________
Өтініш
Сізден бастапқы тұрғынжайды меншігіме сатып алу құқығын іске асыру мақсатында
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе «Тұрғын
үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй жағдайларын
жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алу шеңберінде ипотекалық тұрғын
үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін:
__________________________________________________________________
(сомасы цифрмен және жазбаша)
________________________________________________________________
теңге мөлшерінде тұрғын үй сертификатын беруіңізді сұраймын.
Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__ жылғы «___» ___________