Об отмене постановления акимата Аулиекольского района от 30 декабря 2025 года № 234 «Об установлении публичного сервитута» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әулиекөл ауданы әкімнің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 234 «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулысының күшін жою туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Әулиекөл ауданы әкімінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 234 «Қауымдық сервитут беру туралы» қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 2
2. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.