О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 30 января 2026 года № 19/1 «Об утверждении объема государственного образовательного заказа на среднее образование в частных организациях Павлодарской области на 2025-2026 учебный год» Қолданыста
Басқа 0
Павлодар облысы әкімдігінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы
«Павлодар облысының жеке меншік білім беру ұйымдарында
2025-2026 оқу жылына арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін бекіту туралы» № 19/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы «Павлодар облысының жеке меншік білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылына арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін бекіту туралы» № 19/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 222670 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Павлодар облысы әкімдігінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы
«Павлодар облысының жеке меншік білім беру ұйымдарында
2025-2026 оқу жылына арналған орта білім беруге мемлекеттік
білім беру тапсырысының көлемін бекіту туралы»
№ 19/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Павлодар облысы әкімдігінің
2026 жылғы «___» ___________
№ _________ қаулысымен
бекітілді
Павлодар облысы әкімдігінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы
«Павлодар облысының жеке меншік білім беру ұйымдарында
2025-2026 оқу жылына арналған орта білім беруге мемлекеттік
білім беру тапсырысының көлемін бекіту туралы»
№ 19/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
№
Жеке меншік орта білім беру ұйымының атауы
Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілер саны
Айына бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге
1
«Лидер» жалпы білім беру мектебі» ЖШС БМ
96
51 999
2
«Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы Екібастұз ғылым мектебі» ЖШС
584
60 870
3
Павлодар қ. «Лингва» жеке меншік мектебі» ЖШС
19
51 999
4
Павлодар қ. «ДеТвоРа» ББК» ЖШС (бастауыш мектеп)
359
51 999
5
Павлодар қ. «№ 1 жалпы білім беру «Академия успеха» жеке меншік мектебі» ЖШС
220
51 999
6
«КЕО мектебі» ЖШС
31
51 999
Барлығы:
1309