О внесений в решение 30 сессии районного маслихата от 21 декабря 2006 года № 228 «Об установлении ставки акциза на объекты игорного бизнеса на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы 30 сессиясының «2007 жылға арналған ойын бизнесі объектілеріне акциздің ставкасын белгілеу туралы» № 228 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес және 2007 жылдың 1 сәуірінен күшіне енген казино және ақшалы ұтыс ойын автоматтары залдарына қатысты Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңының негізінде, аудандық мәслихат ШЕШМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы 30 сессиясының «2007 жылға арналған ойын бизнесі объектілеріне акциздің ставкасын белгілеу туралы» шешіміне (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіміндегі № 8-15-44 болып тіркелген, 2006 жылғы 30 желтоқсандағы «Сельский труженик» газетінің № 53 (7016) санында жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1 тармақтағы 1 және 2 тармақшалардың күші жойылсын.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы 30 сессиясының «2007 жылға арналған ойын бизнесі объектілеріне акциздің ставкасын белгілеу туралы» № 228 шешімі жаңа редакцияда енгізілген өзгерістері есепке алынып баяндалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының ауданның әлеуметтік – экономикалық даму және бюджеттік саясат мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.