О внесении изменений в решение 30 сессии районного маслихата от 21 декабря 2006 года № 230 «Об установлении ставки платы за выручки, полученные от игровых автоматов с денежным выигрышем на 2007 год» Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы
21 желтоқсандағы 30 сессиясының
«2007 жылға ақшалы ұтыс ойын
автоматтардан түскен түсім
бойынша ставкаларын белгілеу туралы»
№ 230 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық Кодексі) 392, 394 баптарына сәйкес және жазып алынған жиынтық салық ставкаларының өзгерістеріне байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы № 1016 «Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы» Қаулысының негізінде, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы 30 сессиясының «2007 жылға ақшалы ұтыс ойын автоматтардан түскен түсім бойынша ставкаларын белгілеу туралы» № 230 шешіміне (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіміндегі нөмірі – 8-15-46 болып тіркелген, 2006 жылғы 21 желтоқсанда «Сельский труженик» газетінің № 50 (7016) санында жарияланған), өзгерістер енгізілсін және 1 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«Ойынды бір ойыншымен өткізуге арналған, ақшалы ұтыс ойын автоматына жазып алынған жиынтық салық 1 жылға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін;
Ойынды бір ойыншыдан аса ойыншылардың қатысуымен өткізуге арналған, ақшалы ұтыс ойын автоматына жазып алынған жиынтық салық 1 жылға 80 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (электрондық рулетканы санамағанда) белгіленсін».
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 11 қаңтардағы 31 сессиясының № 235 «Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы 30 сессиясының «2007 жылға ақшалы ұтыс ойын автоматтардан түскен түсім бойынша ставкаларын белгілеу туралы» № 230 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі енгізілген өзгерістерді есепке алып жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың бюджеттік саясат және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.