О внесении изменений в решение 30 сессии районного маслихата от 21 декабря 2006 года № 231 «Об установлении ставки платы за бильярдный стол на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы 30 сессиясының «2007 жылға арналған билльярдтық стол үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы» № 231 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық Кодексі) 392, 394 баптарына сәйкес және жазып алынған жиынтық салық ставкаларының өзгерістеріне байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы № 1016 «Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы» Қаулысының негізінде, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы 30 сессиясының «2007 жылға арналған билльярдтық стол үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы» № 231 шешіміне (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіміндегі нөмірі – 8-15-47 болып тіркелген, 2006 жылғы 30 желтоқсанда «Сельский труженик» газетінің № 50 (7016) санында жарияланған), өзгерістер енгізілсін және 1 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«Бильярдтық стол үшін жазып алынған жиынтық салық бір жылға 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін».
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 11 қаңтардағы 31 сессиясының № 244 «Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы 30 сессиясының «2007 жылға арналған билльярдтық стол үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы» № 231 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі енгізілген өзгерістерді есепке жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау ауданның бюджеттік саясат және әлеуметтік – экономикалық дамыту мәселелері бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.