Об учреждении премий акима Мангистауской области журналистам за лучшие публикации, посвященные Году аула, 30-летию области и 40-летию города Актау в средствах массовой информации Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бұқаралық ақпарат құралдарында Ауыл жылы, Облыстың 30 жылдығы және Ақтау қаласының 40 жылдығына арналған үздік жарияланымдар үшін журналистерге Маңғыстау облысы әкімінің сыйлықтарын белгілеу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - шешімнің қолданылу мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты Маңғыстау облыстық әділет департаментінің 10.01.2005 № 2/46 хатымен. Қазақстан Республикасы Президентінің «Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы» Жолдауын іске асыру және бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрі –БАҚ) көкейкесті әрі қоғамдық мәні бар тақырыптарды жазып көрсетудегі қызметін жандандыру мақсатында, облыс әкімияты қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Жергілікті мемлекеттік және мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері үшін Ауыл жылы, Облыстың 30 жылдығы және Ақтау қаласының 40 жылдығына арналған үздік жарияланымдар үшін Маңғыстау облысы әкімінің он екі сылығы 350 (үш жүз елу мың) теңге сомасында белгіленсін.
Тармақ 2
2. Мыналар бекітілсін;
Тармақша 1
1) журналистерге Ауыл жылы, Облыстық 30 жылдығы және Ақтау қаласының 40 жылдығына арналған үздік жарияланымдар үшін Маңғыстау облысы әкімінің сыйлықтары туралы Ереже (1 қосымша)
Тармақша 2
2) Маңғыстау облысы әкімінің сыйлықтарын беруге үміткерлерді ұсыну жөніндегі конкурстық комиссияның құрамы (2 қосымша)
Тармақ 3
3. Ішкі саясат департаменті (А.К.Рзаханов) жеңімпаздарға сыйлықтар төлеу үшін 350 (үш жүз елу мың) теңге сомасында қаражат бөлсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Е.Күмісқалиға жүктелсін.
Басқа 7
1 Қосымша Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 25.02.№ 52 қаулысымен Бекітілген Ауыл жылы, Облысының 30 жылдығы және Ақтау қаласының 40 жылдығына арналған үздік жарияланымдар үшін журналистерге Маңғыстау облысы әкімінің сыйлықтары туралы ереже 1. Маңғыстау облысы әкімінің сыйлықтары төмендегідей номинациялар бойынша беріледі; 1) Ауылдың экономикалық, мәдени, рухани жаңаруы мен дамуы туралы жазып көрсеткен жарияланымдар, теледидар және радио хабарлары үшін мынадай көлемде; 1 орын – 40 (қырық мың) теңге 2 орын (екі сыйлық)-30 (отыз мың) теңгеден 3 орын (үш сыйлық)-25 (жиырма бес мың) теңгеден 2) Облыс пен қаланың құрылу, қалыптасу, экономикалық, мәдени даму тарихы, алғашқы кен көздерін ашушылар мен оны игерген адамдар, қала мен облыстың шығармашылық қайраткері туралы желілі жарияланымдар, теледидар және радио хабарлары үшін мынадай көлемде; 1 орын – 40 (қырық мың) теңге 2 орын (екі сыйлық)- 30 (отыз мың) теңгеден 3 орын (үш сыйлық)-25 (жиырма бес мың) теңгеден
Тармақ 2
2. Маңғыстау облысы әкімінің сыйлықтары Облыстың 30 жылдығы, Ақтау қаласының 40 жылдығы мерекесін атау қарсаңына, Ауыл жылы бойынша 2003 жылдың соңында табыс етіледі.
Тармақ 3
3. Маңғыстау облысы әкімінің сыйлығын беруге үміткерлер ұсыну жөніндегі конкурстық комиссияның санын және құрамын облыс әкімияты бекітеді.
Тармақ 4
4. Облыс әкімінің сыйлығын беруге үміткерлерді ұсынуды БАҚ-тың редакциялары жүзіеге асырады.
Тармақ 5
5. Облыс әкімінің сыйлығына үміткерлер, олардың жарияланымдары баспасөзге, теледидар мен радио арқылы жұртшылыққа кеңінен таныстырғаннан кейін ғана ұсынылады.
Тармақ 6
6. Облыс әкімінің сыйлығын беруге ұсынылған үміткерлер комиссияның мәжілісінде қаралады.
Тармақ 7
7. Облыс әкімінің сыйлықтарын беруге, жергілікті мемлекеттік және мемлекеттік емес БАҚ-та жұмыс жасайтын журналистер, сондай-ақ республикалық БАҚ-тың меншікті тілшілері ұсынылуы мүмкін.
Тармақ 8
8. Облыс әкімінің сыйлықтарын беру үшін қарауға қабылданған үміткерлердің және оларды ұсынған БАҚ- тың тізімі, облыстық «Маңғыстау» және «Огни Мангистау» газеттерінде жарияланады.
Тармақ 9
9. Облыс әкімнің сыйлықтарын беруге үміткерлерді ұсыну туралы шешім, комиссияның құрамы кемінде 2/3 болған жағдайда жай көпшілік жасырын дауыспен қабылданады.
Тармақ 10
10. Сыйлық облыс әкімінің шешімімен беріледі және оны жеке дара өзі табыс етеді.
Басқа 17
2 Қосымша Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 25.02.№ 52 қаулысымен бекітілген Облыс әкімінің сыйлықтарын беруге үміткерлерді ұсыну жөніндегі облыстық комиссияның құрамы 1. Рзаханов Аскар Киікбайұлы Маңғыстау облыстық ішкі саясат департаментінің директоры, комиссия төрағасы 2. Маврова Майра Кемелқызы Облыс әкімиятының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі төрағаның орынбасары 3. Балғожаева Гүлмира Қуатқызы комиссия хатшысы Комиссия мүшелері; 5. Адай Сабыр Шеркешбайұлы Ақын, республикалық ұлттық тәуелсіз «Үш қиян» газетінің құрылтайшысы (келісім бойынша) 6. Айдаров Асылбек Облыстық мәслихаттың депутаты «Жаңаөзен» газетінің бас редакторы (келісім бойынша) 7. Жүнбасов Мұханбет Мұратбайұлы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы (келісім бойынша) 8. Өтеген Айтуар ҚР журналистер Одағының мүшесі, «Отан» партиясының облыстық филиалының кеңесшісі (келісім бойынша) 9.Эшметова Светлана «Лада TV плюс» газетінің бас редакторы (келісім бойынша)