Об утверждении стандарта бухгалтерского учета 30 "Представление финансовой отчетности" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
30 "Қаржы есептілігін беру" бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007.06.21. N 217 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Бухгалтерлік есептің нормативтік базасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 30 "Қаржы есептілігін беру" бухгалтерлік есеп стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есепке алу жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы N 3 қаулысымен бекітілген 1 "Есеп жүргізу саясаты және оның ашылымы", 2 "Бухгалтерлік баланс және қаржы есептеріндегі негізгі ашылымдар", 3 "Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп" бухгалтерлік есеп стандарттарының күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы бірінші вице-министрі Б.Б.Жәмішевке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 6. 30 "ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ БЕРУ" БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП СТАНДАРТТАРЫ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 14 бұйрығымен бекітілген 30 "ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ БЕРУ" БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП СТАНДАРТТАРЫ
Бөлім 1. 1-бөлім. Мақсаты және қолданылу саласы
1-бөлім. Мақсаты және қолданылу саласы
Тармақ 1
1. Осы стандарттың мақсаты алдағы кезеңдер үшін ұйымның жеке қаржылық есептілігімен де, басқа ұйымдардың қаржылық есептілігімен де салыстырмалылығына қол жеткізу үшін қаржылық есепті беруге негіздемені қамтамасыз ету болып табылады. Осы стандартта қаржылық есептілікті беру үшін жалпы ережелер, оның құрылымы және оны ұстауға ең аз талаптар белгіленеді. Арнаулы операцияларды бағалау және ашу және оқиғалар бухгалтерлік есеп берудің басқа стандарттарында (бұдан әрі - БЕС) қаралады. Осы Стандарт "Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 Заңына сәйкес жасалатын қаржылық есептіліктің барлық нысандарын берген кезде қолданылады.
Тармақ 2
2. Қаржылық есептілік олардың нақты ақпараттық сұрауларына жауап беретін есеп беруді талап етуге мүмкіндігі жоқ пайдаланушылардың талаптарын қанағаттандыруға арналған. Қаржылық есептілік жеке немесе жыл қорытындылары бойынша ұйым ұсынатын есептердің бөлігі ретінде ұсыныла алады. Осы стандарт қысқартылған аралық қаржылық есептілікке қолданылмайды. Осы стандарт қаржылық есептілікті ұсынған кезде жеке ұйымдарға да, ұйымдар тобының топтасқан қаржылық есептілігіне де қолданылады. Осы стандарт олардың әрқайсысын жасау үшін негіз, есеп саясаты туралы ақпаратта нақты ашылған жағдайда бір құжатта бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілікті жасаудың басқа талаптарына сәйкес жасалған негізгі ұйымның БЕС мен қаржылық есептілікке сәйкес топтасқан қаржылық есептілікті ұсынуға кедергі болмайды.
Тармақ 3
3. Осы стандарт қызметін реттеу мен қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүктелген ұйымдарды қоспағанда, ұйымдардың барлық түрлеріне қолданылады.
Тармақ 4
4. Осы стандартта коммерциялық ұйымдар үшін қабылданған терминология пайдаланылады. Мемлекеттік мекемелерден басқа, коммерциялық емес ұйымдар сол сияқты осы стандартты басшылыққа алуы тиіс, ол үшін қаржылық есептілікте белгілі бір жолдардың атауын және қаржылық есептіліктің нысандарын өзгерту қажет болады. Осындай ұйымдар сол сияқты қаржылық есептіліктің қосымша нысандарын ұсына алады.
Бөлім 2. 2-бөлім. Қаржылық есептілікті тағайындау
2-бөлім. Қаржылық есептілікті тағайындау
Тармақ 5
5. Қаржылық есеп беру ұйымның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат болып табылады. Қаржылық есеп беру сол сияқты ұйымның басшылығына сеніп берілген ресурстарды басқару нәтижелерін көрсетеді. Осы мақсатқа жету үшін қаржылық есеп беру ұйымның мынадай көрсеткіштері:
Тармақша 1
1) активтер;
Тармақша 2
2) міндеттемелер;
Тармақша 3
3) жарғылық капиталы;
Тармақша 4
4) негізгі емес қызметтен және төтенше оқиғалардан түскен кірістер мен шығыстарды қоса алғанда кірістер мен шығыстар;
Тармақша 5
5) ақша қозғалысы;
Тармақша 6
6) жарғылық капиталындағы өзгерістер туралы ақпаратты береді. Осы ақпарат түсіндірме жазбадағы басқа ақпараттармен бірге пайдаланушыларға болашақта ұйым ақшасының қозғалысын және атап айтқанда уақыты жағынан бөлуді және ақша мен оның баламалары қозғалысының тиянақтылығын болжамдауға көмектеседі.
Бөлім 3. 3-бөлім. Қаржылық есептілік үшін жауапкершілік
3-бөлім. Қаржылық есептілік үшін жауапкершілік
Тармақ 6
6. Қаржылық есептілікті дайындауға және ұсынуға ұйымның басшылығы жауап береді.
Бөлім 4. 4-бөлім. Қаржылық есептіліктің құрамы
4-бөлім. Қаржылық есептіліктің құрамы
Тармақ 7
7. Ұйымның қаржылық есептілігі мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) бухгалтерлік баланс;
Тармақша 2
2) кірістер және шығыстар туралы есеп;
Тармақша 3
3) ақшаның қозғалысы туралы есеп;
Тармақша 4
4) жарғылық капиталындағы өзгерістер туралы есеп;
Тармақша 5
5) ұйымдардың есеп саясаты туралы ақпарат және түсіндірме жазба.
Тармақ 8
8. Қаржылық есептілік, егер ұйымдар басшылықтың қаржылық шолуы түрінде ұйымдар қызметінің қаржылық нәтижелерінің негізгі сипаттарын, оның қаржылық жағдайын және оған кездесуі мүмкін негізгі тұрлаусыздықтарды сипаттай және түсіндіре отырып, қосымша ақпаратты ұсынса неғұрлым толық болады. Ондай шолу мынадай талдауды қосады:
Тармақша 1
1) ұйым әрекет ететін ортаның өзгерістерін қоса алғанда, қаржылық нәтижелерді анықтайтын негізгі факторлар мен әсерлер, осы өзгерістер мен олардың әсеріне ұйымдардың әрекеттері, дивидендтер саласындағы саясатты қоса алғанда қаржылық нәтижелерді қолдауға және жақсартуға бағытталған ұйымдардың инвестициялық саясаты;
Тармақша 2
2) ұйымдарды қаржыландыру көздері және осы көздердегі заем қаражатын, сондай-ақ заемдармен байланысты заем қаражатының үлестеріне және тәуекелдерді басқаруға қатысты саясат;
Тармақша 3
3) құндылығы осы стандарттарға сәйкес жасалған бухгалтерлік баланста көрсетілген ұйымдардың басымдықтары мен ресурстары.
Тармақ 9
9. Ұйымдар қаржылық есептіліктен басқа, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі есептерді және қосымша құндылықтарды білдіретін, әсіресе қоршаған ортаны қорғау факторының үлкен маңызы бар және қызметкерлері пайдаланушылардың маңызды тобы болып есептелетін салалардағы қызметкерлерге жәрдемақы беру туралы есептерді ұсына алады. Ұйымдар, егер олардың басшылары олар экономикалық шешімдер қабылдауда пайдаланушыларға көмектеседі деп санаса осындай есептерді ұсынады.
Бөлім 5. 5-бөлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Бухгалтерлік есеп стандарттарының талаптарға сәйкес келуі және дұрыс беру
5-бөлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Бухгалтерлік есеп стандарттарының талаптарға сәйкес келуі және дұрыс беру
Тармақ 10
10. Қаржылық есептілік ұйымдардың қаржылық жағдайын, қызметінің қаржылық нәтижелерін, ақшалай қозғалысын және жарғылық капиталындағы өзгерістерін дұрыс беруі тиіс. Қажет болған жағдайда БЕС-ті қосымша аша отырып, тиісінше қолдану дұрыс беруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 11
11. Қаржылық есептілігі БЕС-қа сәйкес келетін ұйым осы фактіні ашуы тиіс. Қаржылық есептілік, егер ол әрбір қолданылған БЕС-ның талаптарына сәйкес келмесе БЕС-ке сәйкес келетін түрінде ұсынылмауы тиіс.
Тармақ 12
12. БЕС-қа сәйкес келмейтін есепке алу тәртібі қолданылған саясатты ашып та, түсіндірме жазбамен де, қосымша ақпаратпен де түзетіле алмайды.
Тармақ 13
13. Төтенше сирек жағдайларда ұйым БЕС талаптарына сәйкестік жаңылуға әкеледі деген қорытындыға келген және сондықтан да қандай да болмасын талаптардан ауытқу дұрыс ұсынуға қол жеткізу үшін қажет болған жағдайларда ұйым:
Тармақша 1
1) басшылық қаржылық есептілік ұйымның қаржылық жағдайын, қызметінің қаржылық нәтижелерін, ақшалай қозғалыстары мен жарғылық капиталындағы өзгерістерін дұрыс ұсынады деген қорытындыға келу фактісін;
Тармақша 2
2) қаржылық есептілік қолданылатын БЕС дұрыс ұсынуға қол жеткізу мақсатында қандай да БЕС-на шегініс жасауды қоспағанда барлық маңызды аспектілерде сәйкес келу фактісін;
Тармақша 3
3) ұйым шегініс жасаған БЕС, БЕС талап етілуі мүмкін есепке алу тәртібін қоса алғанда ауытқу сипаты, есепке алудың осындай тәртібі жаңылысуға әкеп соқтыру себептері және қабылданған есепке алу тәртібін;
Тармақша 4
4) шегініс жасаудың таза пайдаға немесе залалға қаржылай әсер етуі, әрбір ұсынылған кезеңдердегі ұйым активтерін, міндеттемелерін, меншікті капиталын, ақшалай қозғалысын және жарғылық капиталындағы өзгерістерін ашуы тиіс.
Тармақ 14
14. Қаржылық есептілік БЕС-тің елеулі талаптарына сәйкес келетіндігі және БЕС-ке негізделгені туралы өтініштер жаңылысуға әкелетін болып табылады, олар өйткені қаржылық есептіліктің сенімділігі мен түсініктілігін төмендетеді. Онда БЕС-тің сәйкестігі туралы өтінім жасалатын қаржылық есептіліктің БЕС-ға жауап беруін қамтамасыз ету мақсатында осы Стандарт қаржылық есептілік дұрыс ұсынуды, дұрыс ұсыну туралы талапты орындау бойынша нұсқаманы және шегініс жасауға әкелетін сирек жағдайларды анықтау үшін қосымша нұсқауларды беруі тиіс бәрін сыйдыратын талаптарды қамтиды. Ол сол сияқты шегініс жасауға әкеп соқтыратын жағдайларды анық ашуды талап етеді.
Тармақ 15
15. Дұрыс ұсыну барлық мәнді аспектілерде қолданылатын БЕС-тің сәйкестігімен қол жеткізіледі. Дұрыс ұсыну:
Тармақша 1
1) 20-тармаққа сәйкес есеп саясатын іріктеу және қолдануды;
Тармақша 2
2) орынды, сенімді, салыстырмалы және түсінікті ақпарат қамтамасыз етілуі үшін есеп саясатын қоса алғанда ақпаратты ұсынуды;
Тармақша 3
3) БЕС-тегі талаптар пайдаланушылар ұйымдар қызметінің қаржылық жағдайына және қаржылық нәтижелеріне нақты операцияларының немесе оқиғаларының әсерін түсіне алуы үшін жеткіліксіз болған жағдайда қосымша анықтауларды ұсынуды талап етеді.
Тармақ 16
16. Төтенше сирек жағдайларда БЕС-те қандай да болмасын талаптарды қолдану қаржылық есептілік жаңылуға әкеліп соқтыратын болады. Бұл осы стандартта талап етілетін есептеу тәртібі анық сәйкес келмеген және сондықтан да осы стандартты қолдана отырып та, қосымша ашу арқылы да шынайы ұсыну мүмкін болмаған жағдайда ғана орын алады. БЕС талаптарынан ауытқу есепке алудың басқа тәртібі сол сияқты дұрыс ұсынуды қамтамасыз ету себебі бойынша ғана жол берілмейді.
Тармақ 17
17. БЕС-тегі нақты талаптардан шегініс жасау қажеттілігін бағалау кезінде:
Тармақша 1
1) талап ету мақсаты мен осы мақсатқа неліктен қол жеткізілмеу және нақты жағдайларда орынды болып табылмау себептері;
Тармақша 2
2) қалайша ұйымдардың жағдайлары талапқа жүгінетін ұйымдардан қалайша айрықшаланатыны назарға алынуы тиіс.
Тармақ 18
18. Шегініс жасауды талап ететін жағдайлар төтенше сирек болып күтілуіне балансты, ал шегініс жасау қажеттілігі елеулі даулар мен субъективтік бағалаудың мәні болатыны ұйымның есеп беруі барлық тиісті аспектілерде Бес-ке сәйкес келмейтіндігі туралы пайдаланушылардың мағлұмат алуы үшін маңызды. Сол сияқты пайдаланушылар ауытқу қажет болып табылмайтын екендігі туралы оларға шешім жасауға және есеп беруді стандартқа сәйкес келтіру үшін қажет болуы мүмкін түзетулерді есептеуге мүмкіндік беретін жеткілікті ақпаратты алуы үшін маңызды.
Тарау 2. 2-тарау. Есеп саясаты
2-тарау. Есеп саясаты
Тармақ 19
19. Ұйым есеп саясатын барлық қажеттілік әрбір қолданылатын БЕС-ның талаптарына сәйкес келетіндей етіп таңдауы және қолдануы тиіс. Нақты талап болмаған кезде қаржылық есептіліктің ұсынылуын қамтамасыз ететін саясатты таңдауы тиіс, олар мынадай сапалық сипаттамаларға жауап беруі керек:
Тармақша 1
1) шешімдер қабылдау кезінде пайдаланушылар үшін орындылығы;
Тармақша 2
2) мынаны: ұйымның нәтижелері мен қаржылық жағдайын шынайы ұсынуды; оқиғалар мен операциялардың заңды нысанын ғана емес олардың экономикалық мазмұнын көрсетуді; бейтараптылықты (әртүрлі пайдаланушыларға қатысты объективті); сақтықты; барлық елеулі қатынастарда толықтықты қамтамасыз ететін сенімділік.
Тармақ 20
20. Есеп саясаты ұйымның талаптары мен оның қызметінің ерекшеліктері негізге алына отырып, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына және бухгалтерлік есептің үлгілік жоспар шоттарына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау үшін ұйым қабылдаған принциптерді, негіздерді, шарттарды, ережелерді және тәжірибені білдіреді.
Тармақ 21
21. Нақты БЕС болмаған кезде ұйымның басшылығы ұйымның қаржылық есептілікті пайдаланушылары үшін неғұрлым пайдалы ақпаратты қамтамасыз ететін есеп саясатын әзірлеу кезінде өз пікірлерін пайдаланады. Осындай пікірді енгізген кезде ұйымның басшылығы:
Тармақша 1
1) ұқсас немесе байланысқан проблемаларды қозғайтын БЕС-ғы талаптар мен нұсқамаларға;
Тармақша 2
2) Қаржылық есептілік дайындауға және беруге арналған тұжырымдамалық негізде белгіленген анықтау өлшемдеріне, активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды тануға және бағалауға;
Тармақша 3
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес келетін дәрежедегі салалық ережелер мен нормаларға назар аудару қажет.
Тарау 3. 3-тарау. Ұйымдастыру қызметінің ұдайылығы
3-тарау. Ұйымдастыру қызметінің ұдайылығы
Тармақ 22
22. Қаржылық есептілік жасаған кезде басшылық ұйымның өз қызметін жалғастыруға мүмкіншілігін бағалауы тиіс. Қаржылық есептілік егер ұйымның басшылығы ұйымды тарату немесе өз қызметін тоқтату мүмкіндігін күтпеген немесе оны қарау себептері болмаған жағдайда ғана қызметтің ұдайылық принципі негізінде жасалуы тиіс. Басшылық пікірлерді қалыптастыру процесінде ұйымның өз қызметін жүзеге асыру мүмкіндігінде елеулі күмәні болатын оқиғалармен немесе жағдайлармен байланысты елеулі тиянақсыздықтар туралы мағлұмат алса, болашақта осы тиянақсыздықтар ашылуы тиіс. Қаржылық есептілік қызметтің ұдайылық принципі негізінде жасалмаса, осы факт қаржылық есептілік жасалған негіз және ол бойынша ұйым ұдайы әрекет ететін болып саналмайтын себеп сияқты ашылуы тиіс.
Тармақ 23
23. Қызметтің ұдайылық принципінде орындалатынын бағалаған кезде ұйымның басшылығы есепті кезеңнен бастап кемінде он екі айды қамтуы тиіс болашаққа бар ақпаратты ескеруі тиіс. Осы ақпарат назарға қабылданатын дәреже әрбір нақты жағдайдағы факторларға байланысты. Ұйым сәтті операциялар жасаса және өз активінде қаржы ресурстарына бос қатынау болса қызмет ұдайылығының принципі туралы қорытынды толық талдау жүргізілместен орындалады, қол жеткізіледі. Басқа жағдайларда басшылыққа ұйым қызметі ұдайылық принципінің қолданымдылығы бекітілмес бұрын ағымдағы және ұсынылатын тиімділікпен, міндеттемелерді өтеу кестесімен және қаржыландырудың қосымша көздерімен кездесетін факторларды қарау талап етіледі.
Тарау 4. 4-тарау. Есептеу принципі
4-тарау. Есептеу принципі
Тармақ 24
24. Ұйым есептеу принципіне сәйкес ақша қозғалысы туралы ақпаратты қоспағанда, қаржылық есептілік жасауы қажет.
Тармақ 25
25. Есептеу принципіне сәйкес операциялар мен оқиғалар болған кезде (ал ақшаның түсуіне немесе төленуіне қарай емес) танылады және бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде тіркеледі және олар жатқызылған кезеңдердің қаржылық есептілігіне беріледі. Шығыстар келтірілген шығындар мен кірістердің тиісті баптарының арасындағы тікелей салыстыру негізіндегі кірістер мен шығыстар туралы есепте танылады. Дегенмен, осы салыстыру активтер мен міндеттемелерді айқындауға жауап бермейтін баптың бухгалтерлік балансында тануға жол бермейді.
Тарау 5. 5-тарау. Берудің тізбектілігі
5-тарау. Берудің тізбектілігі
Тармақ 26
26. Қаржылық есептілікте бапты беру мен сыныптау мынадай:
Тармақша 1
1) ұйымның операциясы сипатындағы айрықша өзгерістер немесе қаржылық есептілікті ұсынуды талдағанда, өзгеріс беруге неғұрлым жақын әкелетін уақиға немесе операцияны демонстрациялайтын;
Тармақша 2
2) берудегі өзгеріс БЕС-ын талап етпейтін жағдайларды қоспағанда бір есептік кезеңнен басқасына сақталуы қажет.
Тармақ 27
27. Елеулі сатып алу (істен шығару) немесе қаржылық есептілікті талдау қаржылық есептілікті беруде өзгерістер енгізудің қажеттігіне әкелуі мүмкін. Өзгертілген құрылым сақталған немесе егер өзгелей беруден пайда бірдей болған жағдайда ғана ұйым қаржылық есептілікті берудің тәсіліне өзгеріс енгізуі қажет. Қаржылық есептілікті беруге мынадай өзгерістер жүргізілгенде, ұйым 39-тармаққа сәйкес өзінің салыстырмалы ақпаратының сыныптамасын қайта қарайды.
Тарау 6. 6-тарау. Мәні және бірігу
6-тарау. Мәні және бірігу
Тармақ 28
28. Әрбір мәні бар бап қаржылық есептілікте бөлек берілуі қажет. Мәні жоқ сома ұқсас сипатты немесе функциялы сомамен бірігуі қажет және бөлек берілуі тиіс.
Тармақ 29
29. Қаржылық есептілік олардың сипаты мен функциясына сәйкес топтарға құрылымды бірігетін көптеген операцияларды өңдеудің нәтижесі болып табылады. Бірігу мен сыныптаманың мәрелік сатысы бапты қалыптастыратын қысыңқы немесе сыныпталған деректерді беруде болмаса қаржылық есептіліктің өзінде не түсіндірме жазбада болады. Егер бап оқшауланған түрде мәнді болып табылмаса, ол қаржылық есептіліктің өзінде немесе түсіндірме жазбада басқа да баптармен бірігеді. Қаржылық есептіліктің өзінде оны бөлек беруді талап ететін жеткіліксіз мәні бар бап түсіндірме жазбада оқшаулана беру үшін жеткілікті мәнді болуы мүмкін.
Тармақ 30
30. Ақпараттың ашылмауы қаржылық есептілік негізінде қабылданатын пайдаланушылардың экономикалық шешіміне ықпал етсе, ол мәнді болып табылады. Мәні оның шығарылымының нақты жағдайларында бағаланатын баптың мөлшері мен сипатына қатысты. Бап немесе баптың жиынтығы мәнді болып табылатындығы туралы мәселені шешу кезінде баптың сипаты мен мөлшері бірге бағаланады. Соның өзінде, мәні бар баптар сипатына қарай айрықшаланады, бөлек беріледі.
Тармақ 31
31. Егер нәтижесінде алынған ақпараттың мәні болмаса, мәнділік БЕС ашу жөніндегі нақты талаптар орындалмауы қажеттігін болжайды.
Тарау 7. 7-тарау. Өзара есеп
7-тарау. Өзара есеп
Тармақ 32
32. Талап етілген немесе басқа БЕС-мен шешілген жағдайларды қоспағанда, активтер мен міндеттемелер өзара есепке алынбауы тиіс.
Тармақ 33
33. Егер мына шарттардың бірі орындалса, кірістер мен шығыстар баптары өзара есепке алынуы қажет:
Тармақша 1
1) БЕС талап етеді немесе осыны шешеді;
Тармақша 2
2) таза табыс, зиян және ұқсас операциялар мен уақиғалардың қорытындысында пайда болатын тиісті шығыстар мәнді болып табылмайды. Мұндай сомалар 28-тармаққа сәйкес бірігуі және берілуі қажет.
Тармақ 34
34. Активтер мен міндеттемелер, сондай-ақ кірістер мен шығыстар мәнді болып табылғанда бөлек-бөлек есептерде ұсынылатын болады. Жүргізілген өзара есеп болмаса кірістер мен шығыстар туралы есепте не операцияның немесе уақиғаның мазмұнын көрсеткен жағдайларды қоспағанда, бухгалтерлік баланста пайдаланушылардың жүргізілген операцияны түсіну және келешекте ұйымның ақша қозғалысын бағалау мүмкіндігін төмендетеді. Алайда, шегеріммен активтердің есебінде беру, мысалы дебиторлық берешек үшін күмәнді борыш сомасына өзара есеп болып табылмайды.
Тармақ 35
35. 5 "Кіріс" БЕС-ы кірістерге айқындама береді және оны бағалау мен тану бойынша талаптарды белгілейді. Ұйым өзінің күнделікті қызмет процесінде кіріс әкелмейтін, бірақ кіріс әкелетін негізгі қызметпен сәйкес келетін басқа да операцияларды жүзеге асырады. Мұндай операциялардың нәтижелері оларды беру операцияның немесе уақиғаның мазмұнын көрсететін бір және сол операциялар бойынша пайда болатын тиісті шығыстармен кез-келген кірістің өзара есебі жолымен есептерде беріледі. Мысалы:
Тармақша 1
1) ұзақ мерзімді (айналыстан тыс) активтерді, соның ішінде инвестициялар мен операциялық активтерді өткізуден түскен кірістер мен шығыстар активтің баланстық құнын өткізуден түскен түсімдер мен оны өткізу бойынша тиісті шығыстарды шегеру арқылы есептерде беріледі;
Тармақша 2
2) үшінші тараппен шарттық келісім (мысалы, қосалқы жалгерлік) шарттары бойынша өндіріліп алынатын шығындар тиісті өндіріп алуға қарсы есептеледі;
Тармақша 3
3) төтенше жағдайлар қорытындысы жалпы сомасын түсіндірме жазбада ашып көрсете отырып тиісті салық пен ең кіші үлес шегеріліп берілуі мүмкін.
Тармақ 36
36. Бұдан басқа, ұқсас операциялар тобында пайда болатын кірістер мен шығыстар нетто негізінде есептерде беріледі, мысалы, оң және теріс бағамдық айырмашылықтар мен ұйым қайта сату үшін сатып алған инвестициялар бойынша пайда болған кірістер мен шығыстар. Дегенмен, егер кірістер мен шығыстардың мөлшері, сипаты немесе шыққан жері бөлек ашып көрсетуді талап етсе, олар есептерде бөлек беріледі.
Тарау 8. 8-тарау. Салыстырмалы ақпарат
8-тарау. Салыстырмалы ақпарат
Тармақ 37
37. Егер тек өзгелей шешілмесе немесе басқа БЕС-мен талап етілмесе, салыстырмалы ақпарат қаржылық есептіліктегі барлық сома үшін алдағы кезеңге қатысты ашылуы қажет. Салыстырмалы кесте түсіндірме жазбада есепті кезең үшін қаржылық есептілікті түсінуге қолайлы болғанда ашып көрсетуі қажет.
Тармақ 38
38. Кейбір жағдайларда, алдағы кезең (кезеңдер) үшін қаржылық есептілікте түсіндірме жазбада берілген ақпарат есепті кезеңге қолайлы болып жалғасады. Мысалы, қорытындысы соңғы есептік кезеңге айқындалмаған және шешілмеген түрінде қалған құқықтық даудың егжей-тегжейі ағымдағы кезеңде ашылады. Осы ақпарат пайдаланушыларға соңғы есептік күнге тұрлаусыздықтың жүзеге асырылғанын және ағымдағы кезең ішінде тұрлаусыздықты жою жөнінде шаралар қабылданғанын түсіну үшін қажет.
Тармақ 39
39. Қаржылық есептілікте бапты беру немесе сыныптау өзгергенде, егер осы ғана есепті кезеңмен сәйкестігін қамтамасыз етуге тәжірибе жүзінде жүзеге асырылмайтын болып табылмаса, салыстырмалы сома қайта сыныпталуы қажет. Бұдан басқа, кез-келген қайта сыныптаудың сипаты, сомасы және себебі ашып көрсетуге жатады. Салыстырмалы соманың қайта сыныптауы іс жүзінде орнықсыз болып табылса, ұйымдастыру қайта сыныптау жүргізбеудің себебін және соманы қайта сыныптаған жағдайда жасалған өзгерістердің сипатын ашып көрсетуі қажет.
Тармақ 40
40. Кейбір жағдайларда, есепті кезеңмен сәйкес келуіне қол жеткізу үшін салыстырмалы ақпаратқа қайта сыныптауды мақсатқа сай жүргізу. Мысалы, өткен кезеңде деректер қайта сыныптауды жүргізуге жол бермейтін, ал жаңа ақпаратты құру мақсатқа сай емес жиналуы мүмкін. Мұндай жағдайларда, жасалуы тиіс салыстырмалы соманы түзету сипаты ашылып көрсетілуі қажет. Осы стандартта есеп саясатының өзгеруі салдарынан ретроспективті қолданылатын салыстырмалы ақпаратқа қажетті түзетулер сипатталған.
Бөлім 6. 6-бөлім. Құрылымы және мазмұны 9-тарау. Кіріспе
6-бөлім. Құрылымы және мазмұны 9-тарау. Кіріспе
Тармақ 41
41. Осы стандарт қаржылық есептіліктің өзінде айқындалған ашып көрсетулерді, басқа баптарда болмаса қаржылық есептіліктің өзінде не түсіндірме жазбада ашып көрсетуді талап етеді. 4 "Ақша қозғалысы туралы есеп" БЕС ақша қозғалысы туралы есепті беруге арналған құрылымды айқындайды.
Тармақ 42. $1. Қаржылық есептіліктің нысандарын айқындау
42. Осы стандарт қаржылық есептіліктің өзінде және де оған түсіндірме жазбадағыдай бапты беруді өзіне қосып алатын кең мағынадағы "ашып көрсету" терминін қолданады. Басқа да БЕС-ы талап ететін ашып көрсетулер оған сәйкес орындалады. Егер осы Стандартпен немесе басқа да БЕС-на өзгелей белгіленбесе, мұндай ашып көрсетулер тиісті қаржылық есептіліктің өзінде немесе түсіндірме жазбада орындалады. $1. Қаржылық есептіліктің нысандарын айқындау
Тармақ 43
43. Қаржылық есептілік анық айқындалуы және есепті кезеңнің қорытындысы бойынша пайдаланушыларға ұйым берген өзге де ақпараттан ерекшеленуі қажет.
Тармақ 44
44. БЕС есепті кезеңнің қорытындысы бойынша пайдаланушыларға ұйым берген өзге де ақпаратқа емес, қаржылық есептілікке ғана қолданылады. Осылайша, пайдаланушылар үшін пайдалы болып табылатын, бірақ осы стандарттың мәні болып табылмайтын өзге ақпараттан БЕС-ын қолдана отырып әзірленген ақпаратты пайдаланушылардың бөліп алуы маңызды.
Тармақ 45
45. Қаржылық есептіліктің әрбір нысаны анық айқындалуы қажет. Егер берілген ақпаратты міндетті түсіну үшін қажет болса, мына ақпарат анық ерекшеленуі және қайталануы қажет:
Тармақша 1
1) құрылтайшы құжаттарына сәйкес ұйымның атауы;
Тармақша 2
2) қаржылық есептіліктің жеке ұйымды немесе ұйымның топтарын қамти ала ма;
Тармақша 3
3) қаржылық есептіліктің есептік күні немесе есептік кезеңі;
Тармақша 4
4) есептілік валютасы;
Тармақша 5
5) қаржылық есептілікте сандар беру кезінде пайдаланылған нақтылық деңгейі.
Тармақ 46
46. 45-тармақта келтірілген талаптар қаржылық есептіліктің әрбір парағында бет сайынға бас тақырыптарды және бағанның қысқартылған бас тақырыптарын беру жолымен айқындалуы мүмкін. Осындай ақпаратты берудің ең жақсы тәсілін айқындау үшін қабылданған субъективті шешімдер талап етіледі. Мысалы, қаржылық есептілік электронды түрде оқылғанда, бөлек беттер пайдаланылмауы мүмкін; онда жоғарыда келтірілген бас тақырыптар осы ақпаратты дұрыс түсінуді қамтамасыз ететін жиілігі, жеткіліктілігімен ықпал етуі қажет.
Тармақ 47. $2. Есептік кезең
47. Қаржылық есептілік мың немесе миллион теңгеге ақпарат беру кезінде неғұрлым түсінікті. Егер берудің нақтылық деңгейі ашылып көрсетілгенде ғана бұл мүмкін және орынды ақпарат жоғалмайды. $2. Есептік кезең
Тармақ 48
48. Қаржылық есептілік кем дегенде жыл сайын берілуі қажет. Жылдық қаржылық есептілік үшін есепті кезең күнтізбелік жыл болып табылады, яғни 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда. Қайта ұйымдастырылған ұйымға бірінші есепті жыл мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап сол жылдың 31 желтоқсанына дейін. Ерекше жағдайларда қаржылық есептілік ұйымның есепті кезеңі өзгерсе және жылдық қаржылық есептілік бір жылдан ұзақ немесе қысқа кезең ішінде ұсынылса, ұйым қаржылық есептілікпен қамтылған кезеңге толықтыруда:
Тармақша 1
1) бір жылдан әрі ерекшеленетін кезеңді пайдаланудың себебі;
Тармақша 2
2) кірістер мен шығыстар туралы, капиталдың өзгерістері туралы, ақша қозғалысы туралы есептерге арналған салыстырмалы сома фактісі болып табылатыны және тиісті түсіндірме жазбада салғастырылмайтыны ашып көрсетілуі тиіс.
Тармақ 49
49. Айрықша жағдайларда, ұйым есептік күнін өзгертуге мәжбүр болуы мүмкін немесе шешуі мүмкін, мысалы, өзге есептік күнмен ұйымның басқа ұйымнан сатып алғаннан кейін. Өзінің орыны болғанда пайдаланушылардың ағымдағы кезең үшін көрсетілген сома мен салыстырмалы соманың салғастыруға келмейтіні және есептік кезеңдегі өзгерістің себебінің ашып көрсетілгені туралы алдын-ала хабарлап қойылғаны абзал.
Тармақ 50. $3. Уақытылылық
50. Қаржылық есептілік бір күнтізбелік жылда кезең үшін тұрақты жасалады. Жылдық қаржылық есептілікті беру мерзімі шегінде меншіктенушінің қаржылық есептілікті берудің өзге кезеңділігін белгілеуге құқығы бар. $3. Уақытылылық
Тармақ 51
51. Қаржылық есептілік есептік күннен кейін қолайлы кезең ішінде пайдаланушыларға берілмесе, оның пайдалылығы төмендейді. Ұйым өзінің қаржылық есептілікті есептіден кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей беруі тиіс. Ұйым операциясының күрделілігі ретінде мұндай факторлар ұйымның уақытылы есеп беру қабілетінің болмауын ақтау үшін пайдаланылмауы тиіс. Меншіктенушілер көрсетілген мерзім шегінде жылдық қаржылық есептілікті берудің өзге де мерзімдерін айқындауға құқылы.
Тарау 10. 10-тарау. Бухгалтерлік баланс $1. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді баптарды бөлу
10-тарау. Бухгалтерлік баланс $1. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді баптарды бөлу
Тармақ 52
52. Әрбір ұйым оның операциясының сипатына негізделе отырып қысқа мерзімді (айналымдағы) және ұзақ мерзімді (айналымнан тыс) активтерді және бухгалтерлік баланста жекелеген сыныптамалар ретіндегі міндеттемелерді беру қажеттілігін айқындауы тиіс. Мұндай айырмашылықтар жүргізілген кезде осы Стандартқа 56-63-тармақтар қолданылады. Ұйым бұл сыныптаманы өткізуді дұрыс деп санамаған кезде активтер мен міндеттемелер жалпы олардың таратылуы тәртібінде берілуі қажет.
Тармақ 53
53. Қандай беру әдісі қабылданғанына қарамастан, ұйым олар бойынша баптар жинақталатын немесе өтелуі есепті күннен он екі айға дейін немесе кейін күтілетін активтер мен міндеттемелердің әрбір баптары бойынша өтелуі немесе орнын толтыру кемінде он екі айдан кейін күтілетін соманы ашуы қажет.
Тармақ 54
54. Ұйым анық айқындалған операциялық цикл барысында тауарлар мен қызмет көрсетулер қойған кезде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтердің және бухгалтерлік баланстағы міндеттемелердің бөлек сыныптамасы ұйымның ұзақ мерзімді операцияларында пайдаланылатын операциялы цикл ішінде тұрақты реттейтін таза активтерді бөлу жолымен пайдалы ақпаратты қамтамасыз етеді. Бұл сондай-ақ ағымдағы операциялық циклда іске асыру болжамдалатын активтерді және сол кезең ішінде өтеуге жататын міндеттемелерді айрықшалайды.
Тармақ 55. $2. Қысқа мерзімді (айналымдағы) активтер
55. Активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімдері туралы ақпарат ұйымды тарату және төлем қабілетін бағалау үшін пайдалы. Тауарлық-материалдық қорлар және резервтер ретіндегі мұндай баптарды өндіріп алу немесе өтеу мерзімдерінің есебі туралы ақпарат қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтер мен міндеттемелердің сыныпталатынына қарамастан пайдалы. $2. Қысқа мерзімді (айналымдағы) активтер
Тармақ 56
56. Актив:
Тармақша 1
1) ұйымның операциялық циклының қалыпты шартында сату немесе пайдалану үшін өткізу немесе ұстау болжамдалғанда;
Тармақша 2
2) ең бастысы сату үшін ұсталғанда және есепті күннен бастап он екі айдың ішінде оны өткізу болжамдалғанда;
Тармақша 3
3) ақша түрінде актив болып табылғанда, қысқа мерзімді ретінде сыныпталуы тиіс. Барлық өзгелей активтер ұзақ мерзімді (айналымнан тыс) ретінде сыныпталуы қажет.
Тармақ 57
57. Осы Стандарт материалдық, материалдық емес, қаржы және ұзақ мерзімді сипаттағы басқа да активтерді сипаттау үшін "ұзақ мерзімді" терминін пайдаланады.
Тармақ 58. $3. Қысқа мерзімді міндеттемелер
58. Ұйымның операциялық циклы өндіріс процесінде пайдаланылатын материалдарды сатып алу және оларды ақшаға айналдыру арасындағы уақытты білдіреді. Қысқа мерзімді (айналымдағы) активтер тауарлық-материалдық қорларды және оларды есепті күннен бастап он екі ай ішінде өткізу күтілмегенде де операциялық циклдің қарапайым бөлігі ретінде сатылатын, тұтынылатын және өткізілетін сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегін қамтиды. Егер оларды сату есепті күннен бастап он екі ай ішінде күтілетін болса, қысқа мерзімді (айналымдағы) активтер ретінде бағалы қағаздар сыныпталады; өзгелей жағдайда, олар ұзақ мерзімді (айналымнан тыс) активтер ретінде сыныпталады. $3. Қысқа мерзімді міндеттемелер
Тармақ 59
59. Міндеттеме:
Тармақша 1
1) ұйымның операциялық циклының қалыпты жағдайында өтеуге болжамдалғанда;
Тармақша 2
2) есепті күннен бастап он екі ай ішінде өтеуге жатқанда қысқа мерзімді ретінде сыныпталуға тиіс. Барлық өзгелей міндеттемелер ұзақ мерзімді ретінде сыныпталуы қажет.
Тармақ 60
60. Қысқа мерзімді міндеттемелер санаттары бойынша және қысқа мерзімді (айналымдағы) активтер ретінде де бөлінуі мүмкін. Жеткізушілер мен мердігерлер алдындағы берешек ретіндегі кейбір қысқа мерзімді міндеттемелер, қызметкерлерге есептеу және ұйымның қалыпты операциялық циклы барысында туындаған басқа да міндеттемелер, егер олар есептік күннен бастап он екі айдан кейін аспайтын кезеңде өтеуге жатса да, қысқа мерзімді міндеттемелер ретінде сыныпталады.
Тармақ 61
61. Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер ағымдағы операциялық циклдың бөлігі ретінде өтелмейді, дегенмен, есепті күннен бастап он екі ай ішінде өтеуді талап етеді, мысалы, сыйақыларды, банктік қысқа мерзімді кредиттерді, төленетін дивидендтерді, корпорациялық табыс салығын және өзгелей кредиторлық берешекті төлеуді қосып алатын ағымдағы міндеттемелердің бөлігі. Ұзақ мерзімді негізде ұйымды қаржыландыруды қамтамасыз ететін және он екі айдың ішінде өтеуге жатпайтын сыйақыларды төлеуді қосып алатын міндеттемелер ұзақ мерзімді міндеттемелер болып табылады.
Тармақ 62
62. Егер есепті күннен бастап он екі ай ішінде өтеуге жатса да, егер бұл ретте төмендегі мынадай:
Тармақша 1
1) бастапқы мерзім он екі айдан асатын кезеңді құрайтын;
Тармақша 2
2) ұйым ұзақ мерзімді негізде міндеттемені қайта қаржыландыруды болжайтын және бұл ниет қайта қаржыландыру немесе қаржылық есептілікті бекіткенге дейін жасалатын төлемдер кестесін өзгерту шартымен қосымша нығая түсетін шарттар орындалса, ұйым ұзақ мерзімді ретінде сыйақы төлеуді қосып алатын өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелерін сыныптауды жалғастыруы қажет. Осы тармаққа сәйкес қысқа мерзімді міндеттемелерден алынып тасталған кез-келген міндеттемелердің сомасы осындай беруге негізделген ақпаратпен бірге түсіндірме жазбада ашылып көрсетілуге тиіс.
Тармақ 63
63. Келесі операциялық циклдың ішінде өтеуге тиісті кейбір міндеттемелер тиісті шарттың болуы кезінде қайта қаржыландырылды немесе мерзімі ұзартылды және сондықтан олар ұйымның айналымдағы активтерін пайдалануды талап етпейді. Мұндай міндеттемелер ұйымды ұзақ мерзімді қаржыландырудың бөлігі болып саналады және ұзақ мерзімді ретінде сыныпталуға тиіс. Алайда, кейбір жағдайларда қайта қаржыландыру ұйымның шешімінсіз жүзеге асырылғанда (қайта қаржыландыру туралы шарт болмаған жағдайда қалай болар еді), қайта қаржыландыру өздігінен есептелмеуі мүмкін және мұндай жағдайларда, міндеттеме қаржылық есептілікті бекіткенге дейін есептік күнгі жағдай бойынша өзінің мазмұны жөніндегі міндеттеменің ұзақ мерзімді болғаны жайлы дәлелдемесін өзімен беретін қайта қаржыландыру шартын жасағандағы жағдайды қоспағанда, қысқа мерзімді ретінде сыныпталады.
Тармақ 64
64. Қарыз беру туралы жекелеген келісімдер қарыз алушының қаржы жағдайына байланысты айқындалған шарттарды бұзуы кезіндегі талап бойынша міндеттеменің өтеуге жататындығын көздейтін қарыз алушыға арналған шарттарды қосып алады. Мұндай міндеттемелер кезінде міндеттеме:
Тармақша 1
1) кредит беруші қаржылық есептілікті бекітер алдында шарттарын бұзған жағдайда төлем талап етуге келіспесе;
Тармақша 2. $4. Бухгалтерлік баланста ұсынуға жататын ақпарат
2) одан әрі бұзушылықтар есепті күннен бастап он екі айдың ішінде болатынына мүмкіндігі болмаса ғана ұзақ мерзімді ретінде сыныпталады. $4. Бухгалтерлік баланста ұсынуға жататын ақпарат
Тармақ 65
65. Бухгалтерлік баланс кемінде мынадай баптарды қамтуы тиіс:
Тармақша 1
1) материалдық емес активтер;
Тармақша 2
2) негізгі қаражат;
Тармақша 3
3) инвестициялар;
Тармақша 4
4) тауарлы-материалдық қорлар;
Тармақша 5
5) сатып алушылар мен тапсырысшылардың берешегі, сондай-ақ дебиторлық берешектер;
Тармақша 6
6) қаржылық инвестициялар және ақша (жолдағы ақша; банктерде арнайы шоттардағы ақша; валюталық шоттағы ақша; есеп шоттағы ақша; кассадағы ақша);
Тармақша 7
7) жарғылық капитал және басқа меншікті капитал;
Тармақша 8
8) берушілер мен мердігерлерге берешек, сондай-ақ басқа да кредиторлық берешектер;
Тармақша 9
9) қарыздар;
Тармақша 10
10) бюджетпен есеп айырысулар;
Тармақша 11
11) резервтер;
Тармақша 12
12) сыйақы төлемін қамтитын ұзақ мерзімді міндеттемелер;
Тармақша 13
13) азшылық үлесі.
Тармақ 66
66. Қосымша баптар, тақырыптар және аралық сомалар бухгалтерлік баланста БЕС-ға керек болғанда немесе мұндай ұсыну ұйымның қаржылық жағдайын сенімді ұсыну үшін қажет болғанда ұсынылуы тиіс.
Тармақ 67
67. Осы стандарт онда баптар бухгалтерлік баланста ұсынылуы тиіс тәртіп немесе пішім тапсырма бермейді. 65-тармақта баптардың тізбесі берілген, олар өз сипаттары немесе функциялары бойынша соншалық әртүрлі, бухгалтерлік баланста жеке-жеке ұсынуды талап етеді. Жоғарыда аталған баптарға түзетулер мынадай:
Тармақша 1
1) қосымша баптар басқа БЕС баланста жеке ұсынуды талап еткенде, немесе баптардың мөлшері, сипаты немесе функциялары осындай болғанда, жеке ұсыну ұйымның қаржылық жағдайын сенімді ұсынуға көмектессе ұсынылады;
Тармақша 2
2) баптардың атауы және орналасу тәртібі ұйым қызметінің және операциясының сипатына байланысты, ұйымның қаржылық жағдайын жан-жақты түсіну үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге өзгеруі мүмкін.
Тармақ 68
68. 65-тармақта көрсетілген баптар сипаты жағынан тең болып табылады және басқа да БЕС іс-әрекетінің әсеріне ұшырайтын баптармен шектелуге міндетті емес.
Тармақ 69
69. Қосымша баптарды жеке ұсынудың қажеттілігі туралы пікір мынадай бағалауға негізделеді:
Тармақша 1
1) көптеген жағдайларда іскерлік беделге және әзірлеуге арналған шығыстардан туындайтын активтерді, ақшалай және ақшалай емес активтерді, қысқа мерзімді (айналымдағы және ұзақ мерзімді (айналымнан тыс) активтерді бөлектеп ұсынуға бастайтын активтердің сипаты және өтімділігі және олардың мәнділігі;
Тармақша 2
2) ұйымдастыру шеңберінде мысалы, операциялық және қаржылық активтерді, тауарлы-материалдық қорларды, дебиторлық берешекті, ақшаларды және олардың баламаларын бөлектеп ұсынуға бастайтын олардың функциялары;
Тармақша 3
3) мысалы, проценттік және процентсіз міндеттемелерді және қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді сияқты сыныпталған резервтерді, егер ол орынды болса жеке ұсынуға бастайтын мөлшерін, сипатын және міндеттемелерді уақытқа бөлуді.
Тармақ 70. $5. Бухгалтерлік баланста немесе түсіндірме жазбада ұсынуға жататын ақпарат
70. Өз сипаты мен функциялары жағынан ерекшеленетін активтер мен міндеттемелер кей кезде әртүрлі негізде бағалауға жатады. Мысалы, негізгі құрал-жабдықтардың белгілі топтары "Негізгі құрал-жабдықтар есебі" БЕС сәйкес бастапқы құны бойынша немесе қайта бағаланған құны бойынша ескерілуі мүмкін. Активтердің әртүрлі топтары үшін бағалаудың әр түрлі негіздерін пайдалану олар өз сипаты және функциялары жағынан ерекшеленеді деп ұйғарады, және осылайша жеке баптар ретінде ұсынылуы тиіс. $5. Бухгалтерлік баланста немесе түсіндірме жазбада ұсынуға жататын ақпарат
Тармақ 71
71. Ұйым бухгалтерлік баланста немесе түсіндірме жазбада ұйымның операцияларына сәйкес сыныпталған әрбір ұсынылған баптардан одан әрі ішкі сыныптарды ашуы тиіс. Әрбір бап оның сипаты бойынша және негізгі ұйымның, еншілес ұйымның, тәуелді ұйымның және басқа да байланысты тараптардың кредиторлық және дебиторлық берешегінің сомалары бойынша ішкі сыныптарға бөлінуі тиіс.
Тармақ 72
72. Ішкі сыныптардағы бухгалтерлік баланста сияқты, түсіндірме жазбада да ұсынылатын нақтылықтар БЕС талаптарына, сондай-ақ сома мөлшеріне, сипатына және ұсынылған шамалардың функцияларына байланысты. 69-тармақта белгіленген факторлар, сол сияқты ішкі сыныптарды құру үшін негіздерді белгілеу мақсатында пайдаланылады. Әрбір бап үшін ашулар әр түрлі болады, мысалы:
Тармақша 1
1) негізгі құрал-жабдықтар "Негізгі құрал-жабдықтар есебі" БЕС сәйкес сыныпталады;
Тармақша 2
2) дебиторлық берешек сатып алушылардың және тапсырысшылардың, ұйымдастыру тобының басқа да мүшелерінің берешегіне, байланысты тараптардың берешегіне, аванс төлеуге және өзге сомаларға бөлінеді;
Тармақша 3
3) тауарлы-материалдық қорлар "Тауарлы-материалдық қорлар есебі" БЕС сәйкес мынадай ішкі сыныптарға бөлінеді: материалдар, тауарлар, аяқталмаған өндіріс және дайын өнім;
Тармақша 4
4) резервтер ұйымның операцияларына сәйкес кепілді жөндеудің резервтеріне және басқа да резервтерге бөлінеді;
Тармақша 5
5) меншікті капиталы жарғылық капиталдың әр түрлі сыныптарына бөлінеді: қосымша төленетін капитал, қосымша төленбейтін капитал, меншікті капитал түрінде сыныпталатын инвестицияларды есептеуден туындайтын бағамдық айырма, резервтік капитал, бөлінбеген кіріс (залал).
Тармақ 73
73. Ұйым бухгалтерлік баланста немесе түсіндірме жазбада мынадай ақпаратты ашуы тиіс:
Тармақша 1
1) жарғылық капиталдың әрбір сыныбы үшін: шығаруға жарияланған акциялардың санын; орналастырылған және толығымен төленген акциялардың санын, сондай-ақ орналастырылған, бірақ толығымен төленбеген акцияларды; акциялардың атаулы құнын; жыл басында және жыл аяғында айналымдағы акциялар санын салыстыруды; акциялардың тиісті сыныбымен (түрімен және санатымен) байланысты құқықтарды, артықшылықтарды және шектеулерді, оның ішінде дивидендтерді бөлуге және акциялар құнын өтеуге арналған шектеулерді; оның еншілес немесе тәуелді ұйымдарына жататын алынған капиталды және ұйымдардың акцияларын; шартын және сомасын қоса алғанда опцион немесе сату шарттары бойынша шығару үшін кейінге сақталған акцияларды;
Тармақша 2
2) меншікті капитал шеңберінде қосымша төленбеген капиталдың, бағамдық және резервтік капиталдың сипатын және мақсатын сипаттауды;
Тармақша 3
3) дивидендтер ұсынылған, бірақ төлемге ресми бекітілмегенде міндеттемеге енгізілген (немесе енгізілмеген) соманы;
Тармақша 4
4) артықшылықты акциялар бойынша кез-келген төленбеген дивидендтердің сомасын. Акционерлік қоғам болып табылмайтын ұйымдар меншікті капиталдағы үлестердің әрбір санаттары бойынша мерзім ішінде өзгерістерін көрсете отырып соған ұқсас жоғарыда талап етілетін ақпаратты және капиталдағы әрбір санатымен байланысты құқықтарды, артықшылықтарды және шектеулерді ашуы тиіс.
Тарау 11. 11-тарау. Кірістер және шығыстар туралы есеп $1. Кірістер және шығыстар туралы есепте ұсынуға жататын ақпарат
11-тарау. Кірістер және шығыстар туралы есеп $1. Кірістер және шығыстар туралы есепте ұсынуға жататын ақпарат
Тармақ 74
74. Кірістер және шығыстар туралы есеп кемінде мынадай баптарды қамтуы тиіс:
Тармақша 1
1) негізгі қызметтен алынатын кіріс;
Тармақша 2
2) іске асырылған дайын өнімдердің (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) өзіндік құны;
Тармақша 3
3) жалпы кіріс;
Тармақша 4
4) кезең шығыстары: іске асыру бойынша шығыстар; жалпы және әкімшілік шығыстар; сыйақы түріндегі шығыстар;
Тармақша 5
5) негізгі қызметтен алынатын кіріс (залал);
Тармақша 6
6) негізделмеген қызметтен алынатын кіріс (залал);
Тармақша 7
7) салық салуға дейінгі қарапайым қызметтен алынатын кіріс (залал);
Тармақша 8
8) корпоративтік табыс салығы;
Тармақша 9
9) салық салудан кейінгі қарапайым қызметтен алынатын кіріс (залал);
Тармақша 10
10) төтенше жағдайлардан алынатын кіріс (залал);
Тармақша 11
11) таза кіріс (залал). Қосымша баптар, тақырыптар және аралық сомалар кірістер және шығыстар туралы есепте егер мұны БЕС талап етсе немесе мұндай ұсыну ұйым қызметінің қаржылық нәтижелерін сенімді ұсыну үшін қажет болғанда ұсынылуы тиіс.
Тармақ 75
75. Ұйымдардың, операциялардың және уақиғалардың әртүрлі қызметінің ықпалы тұрақтылық, қатер және алдын-ала болжау бойынша ерекшеленеді, ал қызмет нәтижелерінің элементтерін ашу қол жеткізілген нәтижелерді түсінуге және болашақ нәтижелерді бағалауға көмектеседі. Қосымша баптар кірістер және шығыстар туралы есепке енгізіледі, ал баптардың атауы және орналасу тәртібі қажет болғанда қызмет нәтижелерін түсіндіру үшін өзгертіледі.
Тармақ 76
76. Ұйым кірістер және шығыстар туралы есепте немесе түсіндірме жазбада кірістер мен шығыстардың талдауын ұсынуы тиіс.
Тармақ 77
77. Ұйым кірістер және шығыстар туралы есепте немесе түсіндірме жазбада қаржылық есептілікпен қамтылған кезеңде жарияланған немесе ұсынылған акцияға дивидендтердің сомасын ашуы тиіс.
Тарау 12. 12-тарау. Капиталдағы өзгерістер туралы есеп
12-тарау. Капиталдағы өзгерістер туралы есеп
Тармақ 78
78. Ұйым қаржылық есептіліктің жеке нысаны ретінде:
Тармақша 1
1) есепті кезең үшін таза кірісті немесе залалды;
Тармақша 2
2) басқа да БЕС талаптарына сәйкес меншікті капиталда тікелей танылатын кірістер мен шығыстардың әрбір бабын және осындай баптардың жалпы сомасын;
Тармақша 3
3) есеп саясатындағы өзгерістердің куммулятивтік әсерін және елеулі қателерді түзетуді көрсететін есепті ұсынуы тиіс. Бұдан басқа, ұйым капиталдағы өзгерістер туралы есепте немесе түсіндірме жазбада:
Тармақша 4
4) меншік иелерімен капитал бойынша операциялар сомасын және оларды бөлуді;
Тармақша 5
5) мерзімнің басталуына, есепті күнге бөлінбеген кірістің немесе залалдың сальдосын және мерзімдегі өзгерістерді;
Тармақша 6
6) әрбір өзгерістерді жекелеп аша отырып мерзімнің басына және аяғына арналған жарғылық капиталдың, қосымша төленген капиталдың, қосымша төленбеген капиталдың, бағамдық капиталдың және резервтік капиталдың әрбір сыныбының баланстық құны арасында салыстыруды ұсынуы тиіс.
Тармақ 79
79. Ұйымның меншікті капиталындағы өзгерістер екі есепті кезеңдер арасында қаржылық есептілікте қабылданған және ашылатын бағалаудың нақты қағидатына байланысты есепті кезеңнің ішінде таза активтерді ұлғайтуды немесе азайтуды көрсетеді. Меншік иелерімен операцияларды қоспағанда, жарғылық капиталға салынатын салымдар және меншікті капиталдағы дивидендтер, жалпы өзгеріс сияқты есепті кезеңнің ішіндегі ұйым қызметінің нәтижесінде туындаған жиынтықты кірісті және залалды білдіреді.
Тармақ 80
80. БЕС сәйкес есепті кезеңде танылған кірістің және шығыстардың барлық баптары БЕС өзгелерді талап ететін немесе рұқсат ететін жағдайлардан басқа кезең үшін таза кірісті немесе залалды анықтауға қамтылады. Басқа да БЕС сәйкес қайта бағалаудан алынатын кіріс және залал, өсу немесе төмендеу және белгілі бағамдық айырмалар меншікті капиталда өзгерістер ретінде олардың арасында таза кірісті бөлуді қоса алғанда ұйымның меншік иелерімен жарғылық капиталы бойынша операциялармен бірге тікелей танылады. Ұйымның қаржылық жағдайын бағалау кезінде екі есепті кезеңдер арасында кіріс және залалдың назарына қабылдау маңызды болғандықтан, меншікті капиталда тікелей танылатындарды қоса алғанда ұйымның жиынтықты кірісін және залалын бөліп көрсететін жеке есепті ұсыну қажет.
Тармақ 81
81. 78-тармақтың талаптары әртүрлі тәсілдермен қанағаттандырылады. Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп 78-тармақтың барлық тармақшаларын қоса алғанда меншікті капиталдың әрбір бабының бастапқы және түпкілікті сальдосы арасында салыстыру жүргізілетін бағандар түріндегі нысанда беріле алады. Басқа тәсіл 1), 2), 3) тармақшалардың баптарын ғана ұсынатын қаржылық есептіліктің жеке нысанын ұсыну болып табылады. 4), 5), 6) тармақшаларда көрсетілген мұндай баптарға көзқарас кезінде түсіндірме жазбада көрсетіледі. Екі көзқарас та осы Стандартқа 4, 5-қосымшаларда мысал келтіріле жазылады. Қандай көзқарас пайдаланылмаса да 86-тармақ пайдаланушыларға есепті кезеңнің ішінде ұйым қызметінен туындайтын жиынтық кірістер мен залалдарды шығаруға мүмкіндік беретін меншікті капиталда тікелей танылатын кірістер мен шығыстар баптарының аралық қорытындысын көрсетуді талап етеді.
Тарау 13. 13-тарау. Ақшалардың қозғалысы туралы есеп
13-тарау. Ақшалардың қозғалысы туралы есеп
Тармақ 82
82. Ақшалардың қозғалысы туралы есепті ұсыну үшін талаптарды және онымен байланысты ашуларды "Ақшалардың қозғалысы туралы есеп" БЕС белгілейді. Ақшалардың қозғалысы туралы ақпарат қаржылық есептіліктің пайдаланушыларына ұйымның ақша мен оның баламаларын генерациялау қабілетін және осы ақша ағындарын пайдалануда ұйымдардың қажеттіліктерін бағалау үшін негізді қамтамасыз етеді.
Тарау 14. 14-тарау. Түсіндірме жазба $1. Құрылымы
14-тарау. Түсіндірме жазба $1. Құрылымы
Тармақ 83
83. Ұйымның қаржылық есептілігіне түсіндірме жазба:
Тармақша 1
1) елеулі операциялар мен оқиғалар үшін таңдап алынған және қолданылған қаржылық есептілік пен нақты есеп саясатын дайындау негізі туралы ақпарат беруі;
Тармақша 2
2) қаржылық есептіліктің тағы бір жерінде берілмеген БЕС талап етілетін ақпаратты ашуы;
Тармақша 3
3) қаржылық есептіліктің өзінде берілмеген, бірақ сенімді беру үшін қажетті қосымша ақпаратты қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 84
84. Түсіндірме жазба реттелген түрде берілуі тиіс. Бухгалтерлік баланстағы, кірістер мен шығыстар туралы есептегі, ақша қозғалысы туралы есептегі және меншікті капиталындағы өзгерістер туралы есептегі әрбір бапқа түсіндірме жазбадағы кез келген оған қатысты ақпаратқа түйіспелі сілтеме жасалуы тиіс.
Тармақ 85
85. Түсіндірме жазба бухгалтерлік баланста, кірістер мен шығыстар туралы есепте, ақша қозғалысы туралы есепте және жеке меншікті капиталындағы өзгерістер туралы есепте көрсетілген соманы сипаттауды немесе неғұрлым толық талдауды, сондай-ақ пайдаланушыларға пайдалы шартты және шарт міндеттемелері туралы қосымша ақпаратты қамтиды. Түсіндірме жазба ашылуын БЕС талап етілетін ақпаратты қамтиды және олар ақпаратты неғұрлым толық көрсету үшін береді, сондай-ақ сенімді беру үшін қажетті басқа ашуларды да қамтиды.
Тармақ 86
86. Түсіндірме жазба пайдаланушыларға қаржылық есептілікті түсінуге және оны басқа ұйымдардың есептілігімен салыстыруға көмектесетін мынадай тәртіппен беріледі:
Тармақша 1
1) БЕС сәйкестігі туралы өтініш;
Тармақша 2
2) бағалаудың қолданылатын негізі (негіздері) және есеп саясаты туралы ақпарат;
Тармақша 3
3) қаржылық есептіліктің әрбір нысанында қаржылық есептіліктің әрбір бабы мен нысаны ұсынылған тәртіппен ұсынылған баптар үшін қосымша ақпарат;
Тармақша 4
4) өзге де ашулар, оның ішінде: шарттық міндеттемелер және өзге де қаржылық ашулар; қаржылық емес сипаттағы ашулар.
Тармақ 87
87. Кейбір жағдайларда түсіндірме жазбадағы жекелеген баптардың орналасу тәртібін өзгерту қажет немесе мүмкіндігінше өзгерту мүмкін. Мысалы, сыйақы (мүдде) ставкалары және әділ құнның түзетулері туралы ақпарат қаржы құралдарының әрекет ету мерзімі туралы ақпаратпен біріктірілуі мүмкін, әйтсе де біріншісі кірістер мен шығыстар туралы есепке, ал соңғысы - бухгалтерлік балансқа жатады. Әйтсе де түсіндірме жазбаның жүйеленген құрылымы мүмкіндігінше сақталуы тиіс.
Тармақ 88. $2. Есеп саясатын беру
88. Қаржылық есептілікті берудің негізі және қабылданған есеп саясаты туралы ақпарат түсіндірме жазба алдындағы жеке есеп түрінде берілуі мүмкін. $2. Есеп саясатын беру
Тармақ 89
89. Есеп саясаты мыналарды:
Тармақша 1
1) қаржылық есептілікті дайындау үшін пайдаланылған бағалаудың негізін (немесе негіздерін);
Тармақша 2
2) қаржылық есептілікті дұрыс түсіну үшін қажетті есеп саясатының әрбір нақты мәселесін сипаттауы тиіс.
Тармақ 90
90. Қаржылық есептілікте пайдаланылатын нақты есеп саясатына қосымшада пайдаланушыларға бағалаудың негізін (негіздерін) (іске асырудың (өтеудің) бастапқы құны, ағымдағы құны, әділ құны, дисконтты құны) білу маңызды. Қаржылық есептілікте бағалау негізінің бағалаудың бірден көп негізі пайдаланылса, мысалы, қайта бағалауға жекелеген ұзақ мерзімді активтер ғана жатса, әрбір негіз пайдаланылатын активтер мен міндеттемелердің санаттарын көрсету жеткілікті.
Тармақ 91
91. Нақты есеп саясатын ашу туралы шешім қабылдау кезінде басшылық ашу пайдаланушыларға операциялар мен оқиғалардың ұйымның қызметі мен қаржылық ахуалының есепті қаржылық нәтижелерінде көрсетілу тәсілін түсінуге көмектесе ме деген мәселені қарайтын болады. Ұйым қарауы тиіс есеп саясаты мыналарды (бірақ мұнымен шектелмейді):
Тармақша 1
1) дайын өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алынатын кірісті тануды;
Тармақша 2
2) еншілес және тәуелді ұйымдарды қоса алғанда шоғырландыру қағидаларын;
Тармақша 3
3) ұйымдарды біріктіруді;
Тармақша 4
4) бірлескен-бақылау қызметі;
Тармақша 5
5) негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді тану мен амортизациялауды;
Тармақша 6
6) заемдар бойынша шығындар мен басқа шығындарды капитализациялауды;
Тармақша 7
7) күрделі жөндеуге мердігер шарттарын;
Тармақша 8
8) инвестициялық меншікті;
Тармақша 9
9) қаржылық инвестициялар мен инвестицияларды;
Тармақша 10
10) жалға алуды;
Тармақша 11
11) ғылыми-зерттеу мен тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындарды;
Тармақша 12
12) тауар-материалдық қорларды;
Тармақша 13
13) бюджетпен есеп айырысуларды, оның ішінде мерзімі өткен корпоративтік табыс салықтарын;
Тармақша 14
14) резервтерді;
Тармақша 15
15) зейнетақымен қамтамасыз етуге арналған шығындарды;
Тармақша 16
16) шетел валютасын қайта есептеу мен хеджирлеуді;
Тармақша 17
17) филиалдарды мен өкілеттіктерді және олардың арасындағы шығындарды бөлу үшін негізін анықтауды;
Тармақша 18
18) ақшаны анықтауды;
Тармақша 19
19) субсидияларды қамтиды. Басқа БЕС көптеген басқа салаларда есеп саясатын нақты ашып көрсетуді талап етеді.
Тармақ 92
92. Әрбір ұйым өз операцияларының сипатын және саясатын қарайды, оларды пайдаланушы ұйымдардың осы түрі үшін берілген түрде көруді күтеді. Мысалы, барлық ұйымдар бюджеттен басқа есеп айырысуларды қоса алғанда, корпоративтік табыс салығы үшін есеп саясатын ашып көрсетуге тиіс деп ұйғарылады. Ұйым шетел валютасында операцияларды жүзеге асырса және кеңейтілген шетелдік қызметі болса, есеп саясатында теріс және оң бағамдық айырмаларды ашып көрсету және мұндай айырмаларды хеджирлеу ұйғарылады. Шоғырландырылған қаржылық есептілікте іскерлік беделіне (гудвиллге) және азшылық үлесіне қатысты қолданылатын саясат ашып көрсетіледі.
Тармақ 93. $3. Ақпаратты басқа да ашу
93. Есеп саясатының егер ағымдағы және алдындағы кезеңдер үшін көрсетілген сома елеулі болып табылмаса да, маңызы зор болуы мүмкін. Сол сияқты тиісті БЕС-мен қамтылған, бірақ 19-тармаққа сәйкес таңдап алынған және қолданылатын әрбір саясат үшін есеп саясатын ашу орынды. $3. Ақпаратты басқа да ашу
Тармақ 94
94. Ұйым егер олар қаржылық есептілікпен бірге жарияланған ақпараттың бір жерінде орналаспаса, мынадай сәттерді ашуы тиіс:
Тармақша 1
1) ұйымның тұрақты орналасқан орны және заңды нысаны, оның заңды мекен-жайы (немесе іс жүргізудің негізгі орны, егер ол заңды мекен-жайдан басқа болса);
Тармақша 2
2) ұйым операцияларының сипаты мен оның негізгі қызметін сипаттау;
Тармақша 3
3) негізгі ұйым мен ұйымның барлық тобының негізгі ұйымдарының атаулары;
Тармақша 4
4) есепті кезеңнің соңында қызметкерлердің саны немесе есепті кезең ішіндегі қызметкерлердің орта есеппен саны.