О переименовании улиц села 30 лет Казахстана Қолданыста
Басқа 0
Қазақстанның 30 жылдығы ауылы көшелерінің атауларын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, тұрғындардың пікірлерін ескере отырып, Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қазақстанның 30 жылдығы ауылындағы көшелер атаулары:
Школьная көшесі – Ыбырай Алтынсарин көшесі,
Степная көшесі – Кенесары көшесі,
Новая көшесі – Абай көшесі деп өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Егіндікөл ауданының
мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы М.Е.Сексенбаев