О реализации Постановления Правительства Республики Казахстан от 3.09.96 г. N 1083 "Об утверждении Положения о военно-транспортной обязанности в Республике Казахстан" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасындағы әскери-көліктік міндет туралы Ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 3 қыркүйектегі № 1083 Қаулысын жүзеге асыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 29.09.2004 № 9-95 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасындағы әскери-көлiктiк мiндет туралы Ереженi бекiту туралы" 1996 жылғы 3 қыркүйектегi № 1083 Қаулысын орындау және көлік құралдарының мобилизациялық және техникалық дайындығын арттыру мақсатында шешім етемін:
Тармақ 1
1. Аудандардың және Қапшағай қаласының әкiмдерi, кәсiпорындардың, ұйымдардың басшылары қоса тiркелген "Қазақстан Республикасындағы әскери-көлiк мiндеттiлiгi туралы Ереженi" атқаруға қабылдасын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасындағы әскери-көлiк мiндеттiлiгi туралы Ереже меншiк нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан облыстағы барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге таралады.
Тармақ 3
3. Әскери-көлiк мiндеттiлiгi облыс аумағында Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы Қорғаныс және қарулы күштер туралы" Заңына сәйкес Қорғаныс Министрлiгіне және басқа да ведомстволарға бейбiт кезде, сондай-ақ соғыс мезгiлiнде белгiленген тапсырма бойынша техника жеткiзудi қамтамасыз ету мақсатында енгiзiлсiн.
Тармақ 4
4. Әскери-көлiк мiндеттiлiгi автомобиль, темiржол, теңiз, өзен, арба және артатын көлiк құралдары, мотоцикл, кәсiпкерлiк және арнайы кемелер, тракторлар, жол-құрылыс, көтеру-көлiк машиналары мен механизмдер иелерi - меншiк нысандарына және бағыныстылығына қарамастан облыс аумағында орналасқан Министрлiктерге, ведомстволарға, акционерлiк қоғамдарға, компанияларға, кәсiпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ жеке көлiк құралдарының иелерiне жүктеледi.
Тармақ 5
5. Көлiк құралдарын Қарулы Күштер құрамына дайындау мен беру тапсырмасын, сондай-ақ аудандар мен Қапшағай қаласы үшiн көлiктi техникалық жағдайы бойынша брактауға үстеме Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлiгiнiң табыстауымен облыс әкiмiнiң арнайы мәжiлiсiнiң шешiмiмен белгiленедi.
Тармақ 6
6. Облыстық әскери комиссариат аудандар мен Қапшағай қаласы үшiн ерекше кезеңде көлiк құралдарын жеткiзудiң тәртiбiн, пункттерi мен мерзiмiн анықтасын.
Тармақ 7
7. Облыстық iшкi iстер басқармасы Мемлекеттiк автомобиль инспекциясымен жалпы парктегi көлiк құралдарының техникалық жағдайына, оның iшiнде Қарулы Күштер құрамына беруге арналған техникаларға да тексеру жүргiзсiн. Тексерудiң нәтижесi актiмен рәсiмделiп, аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарға табысталсын. Жинақ акт облыс әкiмi аппараты мен облыстық әскери комиссариатқа жыл сайын 20 қаңтарда табысталсын.
Тармақ 8
8. Облыстық статистика және талдау жөнiндегi басқарма келесi жылдың 1 қаңтары жағдайында Қазақстан Республикасының статистика және талдау жөнiндегi Мемлекеттiк Комитетi жасаған формасы бойынша транспорт құралдарының нақты саны мен жайы туралы облыс әкiмiнiң аппаратына мәлiмет табыстасын.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасындағы әскери-көлiк мiндеттiлiгi туралы Ереженiң атқарылуын бақылау аудандардың және Қапшағай қаласының әкiмдерi мен облыстық әскери комиссариатқа белгiленген тәртiпте бекiтiлген мобилизациялау жоспары бойынша жүктелсiн. Бұл шешiмнiң орындалуы туралы баяндамалар жыл сайын 20 шiлдеде және 20 қаңтарда табысталынып отырсын.
Тармақ 10
10. Бұл шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмi аппаратының әскери- мобилизациялау жұмысы бөлiмiне жүктелсiн.