О внесении изменения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 31 мая 1994 года N 577 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 31 мамырдағы N 577 қаулысына өзгеріс енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.01.06. N 23 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы қызметкерлерінің шетелдегі еңбек жағдайлары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 31 мамырдағы N 577 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 24, 250-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қызметкерлерінің шетелдегі еңбек жағдайлары туралы ережелерге 1-қосымша, беріліп отырған қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Тәуліктік нормаларға шетел валютасындағы проценттік үстемеақылар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қазандағы N 1586 қаулысына 1-қосымша Тәуліктік нормаларға шетел валютасындағы проценттік үстемеақылар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін белгіленген тәуліктік нормаларға шетел валютасындағы проценттік үстемеақылар: Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламент Сенатының Төрағасына, Парламент Мәжілісінің Төрағасына, Премьер-Министріне, Президенті Әкімшілігінің Басшысы мен Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына, Премьер-Министрінің орынбасарларына - 30 процент мөлшерінде; мемлекеттік органдардың басшыларына, облыс әкімдеріне, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне, Парламент Сенаты мен Парламент Мәжілісі төрағаларының орынбасарларына, Парламент Палаталары тұрақты комитеттерінің төрағаларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасына - 20 процент мөлшерінде; Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министрдің Кеңсесі Басшыларының орынбасарларына, Парламент Сенаты мен Парламент Мәжілісі Аппараттарының Басшыларына, мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі мен жеке күзетінің бастықтарына - 15 процент мөлшерінде төленеді.