О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1996 г. N 1737 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1737 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1737 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: аталған қаулының 4-қосымшасына, "Министрлiктер мен ведомстволардың мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерi" бөлiмiндегi: "N 1 балалар бақшасы (Алматы қаласы, Виноградов көшесi, 89), N 2 балалар бақшасы (Алматы қаласы, Қонаев көшесi, 181)" деген жолдар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "балалар бақшасы (Алматы қаласы, Панфилов көшесi, 52)".