О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1996 г. N 1749 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1749 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы Акцизделетiн тауарларды таңбалаудың тәртiбiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Акцизделетiн тауарларды жаңа үлгiдегi акциздiк алым маркаларымен мiндеттi түрде таңбалауды енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1749 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн: 1-тармақтың үшiншi абзацындағы "1 сәуiрiнен" деген сөз "1 шiлдесiнен" деген сөзбен ауыстырылсын; 2-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "1997 жылдың 1 шiлдесiнен бастап - 1-қосымшаға сәйкес темекi өнiмдерiн және 1997 жылдың 1 қазанынан бастап - 2-қосымшаға сәйкес акцизделетiн тауарларды"; 5-тармақта: бiрiншi абзац "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi" деген сөздерден кейiн "мен Мемлекеттiк кеден комитетi" деген сөздермен толықтырылсын; үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "жаңа үлгiдегi акциздiк алым маркаларын әзiрлегенi үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң Банкнот фабрикасымен есеп айырысу: отандық акцизделетiн тауарлар үшiн - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң арнаулы шотына акциз маркаларын сатудан түсетiн қаражат есебiнен; импортталатын акцизделетiн тауарлар үшiн - импорттаушылардың қаражатының есебiнен жүргiзiлсiн"; төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "одан әрi бақылауды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiне нөмiрлерi мен нақты импорттаушыларды көрсете отырып сатылған акциз маркаларының (оның iшiнде 1995-1996 жылдардағы үлгiлерi) саны туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiне ай сайын мәлiмет тапсырып отырсын"; 7-тармақта: төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "импортталатын акцизделетiн тауарға: СЭҚ ТН 2204 (2204 30-дан басқасы). 2205, 2206 кодтары бойынша шараптар, шампан шараптары, шарап материалдары - 20 теңге мөлшерiнде; СЭҚ ТН 2207, 2208, 2905 кодтары бойынша спирттiң барлық түрлерi, күшейтiлген iшiмдiктер, күшейтiлген шырындар мен бальзамдар, арақ, ликер-арақ бұйымдары, коньяктар - 65 теңге мөлшерiнде; СЭҚ ТН 2402 кодтары бойынша темекi өнiмдерi, құрамында темекiсi бар өзге де өнiмдер - 1,5 теңге"; 8-тармақта: үшiншi абзацтағы "1 сәуiрдегi" деген сөздер "1 шiлдедегi" деген сөздермен ауыстырылсын; төртiншi абзацтағы "1 сәуiрдегi" деген сөздер "1 қазандағы" деген сөздермен ауыстырылсын; аталған қаулының 1-қосымшасында: соңғы абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Темекi өнiмдерi (мынадай атауларды қоспағанда: "Қазақстан", "Медеу", сүзгiсiз барлық сигареттер мен "Полет", "Прима", "Астра", "Беломор-Канал" класындағы папиростар)"; сiлтемедегi "1 сәуiрiнен" деген сөздер "1 шiлдесiнен" деген сөздермен ауыстырылсын.