О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1996 г. N 1749 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1749 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы Акцизделетiн тауарларды таңбалаудың тәртiбiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Акцизделетiн тауарларды жаңа үлгiдегi акциздiк алым маркаларымен мiндеттi түрде таңбалауды енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1749 қаулысына P961749_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 5181-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: 2-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "1997 жылғы 1 қазаннан бастап 1-қосымшаға сәйкес темекi өнiмдерiн және 2-қосымшаға сәйкес акцизделетiн тауарларды"; 5-тармақтың екiншi абзацы мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын: "Акциз ставкаларындағы елеулi айырмашылықты ескере отырып, шараптар мен күшейтiлген сусындарға арналған жеке акциздiк таңбалар жасау көзделсiн".