О внесении дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 декабря 1996 года N 351 "Об Инструкции о порядке оформления и учета документов, подлежащих хранению в банках, и требованиях по организации хранения документов" Күшін жойған
Басқа 0
сақталуға тиісті құжаттарды ресімдеу және есепке алу тәртібі және құжаттардың сақталуын ұйымдастыру жөніндегі талаптар туралы нұсқаулық жөнінде" 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 351 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Екінші деңгейдегі банктер қызметінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктерде сақталуға тиісті құжаттарды ресімдеу және есепке алу тәртібі және құжаттардың сақталуын ұйымдастыру жөніндегі талаптар туралы нұсқаулық жөнінде" 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 351 V960434_ қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктерде сақталуға тиісті құжаттарды ресімдеу және есепке алу тәртібі және құжаттардың сақталуын ұйымдастыру жөніндегі талаптар туралы нұсқаулықта:
N 1 қосымша мынадай редакциядағы 122-1-жолмен толықтырылсын:
--------------------------------------------------------------------
122-1 !Республикалық және жергілікті бюджеттердің!тұрақты !тұрақты
!қаражаты есебінен берілген заемдар бойынша! !
!құжаттар (өтініштер, заем шарттары, есептер,! !
!жазысқан хаттар және басқалар) ! !
--------------------------------------------------------------------
Тармақ 2
2. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А.Марченкоға жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігінің Мұрағаттар мен
құжаттамаларды басқару жөніндегі
комитетінің төрағасымен
2002 ж. 12 қыркүйек