О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1996 года № 1747 и от 30 мая 1997 года № 907 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1747 және 1997 жылғы 30 мамырдағы № 907 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 27.10.1998 № 1087 қаулысымен.
Республикада шарап жасау өнiмдерiн өндiрудi ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн акциздеуге жататын тауарларға және құмар ойын бизнесiне арналған акциздердiң ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1747 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 516-құжат):
аталған қаулының 1-қосымшасына:
"Шараптар" жолындағы "0,2" саны "0,1" санымен ауыстырылсын;
"Шарап материалдары" (Қазақстан Республикасының тауар өндiрушiлерi шарап жасау өнiмдерiн өңдеу үшiн босатқанынан басқа (олардың аталған өнiмдердi өндiруге құқығының бар екендiгiне лицензиясы болған кезде) жолындағы "0,2" саны "0,1" санымен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. "Импортталатын акцизделетiн тауарларға арналған акциздердiң ставкалары және жеке адамдардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы алып өтетен, акциз салуға жатпайтын акцизделетiн тауарлардың нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 мамырдағы N 907 қаулысына:
аталған қаулының 1-қосымшасына:
"2204 (2204 30-дан басқа) Шараптар, шампан шараптары" жолындағы
"0,8" саны "0,4" санымен ауыстырылсын;
"2205, 2206 00** шарап материалдары" жолындағы "0,8" саны "0,4"
санымен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы жариялауға жатады.