О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1996 года № 1747 и от 30 мая 1997 года № 907 Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1747 және 1997 жылғы 30 мамырдағы N 907 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 27.10.1998 № 1087 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: "Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн акциздеуге жататын тауарларға және құмар ойын бизнесiне арналған акциздердiң ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1747 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 516-құжат): көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: "Спирттiң барлық түрi (тауар өндiрушiде осындай      өнiмдi шығару құқығына Қазақстан Республикасының      лицензиясы болған жағдайда ликер-арақ, күшейтiлген      сусындар, күшейтiлген шырындар, шарап, бальзам,      емдiк және фармацевтiк дәрi-дәрмектер жасауға      босатылғандарынан, сондай-ақ мемлекеттiк медици.      налық мекемелерге босатыландарынан басқа)          3,0 экю/литр"      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:      "Спирттiң барлық түрi (тауар өндiрушiде      көрсетiлген өнiмдi шығару құқығына      Қазақстан Республикасының лицензиясы      болған жағдайда емдiк және фармацевтикалық      дәрi-дәрмектердi дайындау үшiн босатылатын.      дықтарынан, сондай-ақ мемлекеттiк медициналық      мекемелерге босатылатындарынан басқа)             0,3 экю/литр"      "Коньяктар 0.3 экю/литр" деген жол алынып тасталсын; "Өңделмеген мұнай" деген жолдағы 2-бағандағы "7 экю/тонна" деген сөздер "3 экю/тонна" деген сөздермен толықтырылсын;      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:      "Электр энергиясы                  0,03 теңге-кВт. сағат" "Импортталатын акцизделетiн тауарларға арналған акциздердiң ставкалары және жеке адамдардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы алып өтетiн, акциз салуға жатпайтын акцизделетiн тауарлардың нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 мамырдағы N 907 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 23, 209-құжат): көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: "2207,  Спирттiң барлық түрлерi (тауар өндiрушiнiң      2208-   ликер-арақ бұйымдарын, күшейтiлген      ден"    сусындарды, күшейтiлген шырындарды,              шараптарды, бальзамды өндiру құқығына              Қазақстан Республикасының лицензиясы              бар болса, аталған өнiмдердi әзiрлеу              үшiн әкелiнетiндерiнен басқа)              3,5 экю/литр              Күшейтiлген сусындар, күшейтiлген              шырындар мен бальзамдар, арақ, ликер-              арақ бұйымдары, коньяктар                  3,0 экю/литр" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "2207,  Спирттiң барлық түрлерi      2208-      ден                                                0,3 экю/литр              Күшейтiлген сусындар, күшейтiлген              шырындар мен бальзамдар, арақ, ликер-              арақ бұйымдары, коньяктар                  1,7 экю/литр" "2709 00-ден өңделмеген мұнай" деген жолдағы 3-бағандағы "7,0 экю/тонна" деген сөздер "3,0 экю/тонна" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "271600000 Электр энергиясы 0,03 теңге/кВт. сағат".
Тармақ 2
2. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы спирттiң барлық түрлерi, күшейтiлген сусындар, күшейтiлген шырындар мен бальзамдар, арақ, ликер-арақ бұйымдары, коньяктар, сондай-ақ өңделмеген мұнай бойынша 1997 жылдың 1 желтоқсанынан бастап, ал электр энергиясы бойынша - 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.