О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1996 года № 1748 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1748 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 30.05.1997 № 907 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. "Импортқа шығарылатын акцизделетiн тауарларға арналған акциздердiң ставкалары және Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалар алып өтетiн акциз салуға жатпайтын акцизделетiн тауарлардың нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1748 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 517-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
аталған қаулының қосымшасында:
1-бағандағы және ескертпедегi "2905" саны алынып тасталсын;
Тармақ 2
2. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетiне жүктелсiн.