О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 31 июля 1997 года № 1195 "Об утверждении Порядка и условий лицензирования производства этилового спирта и алкогольной продукции, хранения и реализации этилового спирта, а также хранения и оптовой реализации алкогольной продукции (кроме пива)" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Арақ-шарап өнiмдерiн және этил спиртiн өндiрудi лицензиялаудың, этил спиртiн сақтау және сату , сондай-ақ арақ-шарап өнiмдерiн /сырадан басқа/ сақтау және көтерме сауда шарттары мен тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 31 шiлдедегi № 1195 қаулысын жүзеге асыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 27.04.2000 № 25 шешімімен Арақ-шарап өнiмдерiн /сырадан басқа/ сақтау және көтерме сауданы тәртiпке келтiру мақсатында және "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына,Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы"N 1894,"Қазақстан Республикасында арақ-шарап өнiмдерiн өндiру және этил спиртiн сату мен шетелден әкелу тәртiбiн ретке келтiру шаралары туралы" 1997 жылғы 14 ақпандағы N 217,"Арақ-шарап өнiмдерiн және этил спиртiн өндiрудi лицензиялаудың, этил спиртiн сақтау және сату, сондай-ақ арақ-шарап өнiмдерiн /сырадан басқа/ сақтау және көтерме сауда шарттары мен тәртiбiн бекiту туралы"1997 жылғы 31 шiлдедегi N 1195 қаулыларына сәйкес:
Тармақ 1
1. Этил спиртiн және арақ-шарапты өндiрудiң, сондай-ақ арақ-шарап өнiмдерiн /сырадан басқа/ сақтау және сату жөнiнде лицензия беру жөнiндегi өкiлеттi органы /лицензияшы болып/ болып облыс әкiмшiлiгiнiң экономика басқармасы тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Облыстық экономика басқармасы /Ғ.Аязов/ лицензияшы ретiнде мыналарды қамтамасыз етсiн: - Банкнот шығарушы фабрикаға қажеттi мөлшердегi лицензия бланкiлерiн /патент/ дайындау үшiн сұранымға тапсырыс берсiн; - қатаң есептегi құжат ретiнде лицензия /патент/ бланкiлерi есепке алынып және сақталынсын; - лицензияны /патенттi/ берудi және белгiленген ретке сәйкес лицензиялық ереженiң сақталуы бақылансын.
Тармақ 3
3. Арақ-шарап өнiмдерiн және этил спиртiн өндiрудi, этил спиртiн сақтау және сату, сондай-ақ арақ-шарап өнiмдерiн /сырадан басқа/ сақтау және көтерме сауданы лицензиялауды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, облыстық экономика басқармасына тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары Е.Орынбаевқа жүктелсiн.