О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 июля 1997 года № 1195 Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 31 шiлдедегi № 1195 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.08.1999 № 1258 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, этил спиртiн сақтау мен сатуды, сондай-ақ алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды лицензиялаудың тәртiбi мен шарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 31 шiлдедегi N 1195 қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 34, 323-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, этил спиртiн сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары: мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: "2-1. Сауда алаңдары мен залдарын пайдалануды көздемейтiн тауар қоймаларынан жүргiзiлетiн сату, айырбастау, тегiн беру, сондай-ақ кепiлге салынған тауарларды кепiл ұстаушының меншiгiне беру мақсатында көлемi шектелместен еркiн тиеп-жөнелту алкогольдi өнiмдердi (сырадан басқа) көтерме сату болып табылады."; мынадай мазмұндағы 40-1 тармақпен толықтырылсын" "40-1. Алкогольдi өнiмдi (сырадан басқа) сақтауға және көтерме сатуға лицензиялар 40-тармақта көзделген талаптардан басқа: шығындары және салықтар мен басқа да қаржылық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiң алдында берешегi болмаған; сауда-делдалдық қызмет саласында кемiнде бiр жыл жұмыс тәжiрибесi болған кезде берiледi.