О внесении изменений и дополнений в Правила осуществления брокерской и дилерской деятельности на рынке ценных бумаг, утвержденные постановлением Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 31 декабря 1998 года N 20 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар бірмезгілде бағалы қағаздардың эмиттенттері болып табылатын жағдайларды назарға ала отырып Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) Қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20   қаулысымен  бекітілген және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 12 ақпанда 683 нөмірмен тіркелген Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 52-тармақта: "акционерлік қоғамдар туралы" деген сөздерден кейін "." (нүкте) тыныс белгісі ";" (үтірлі нүкте) тыныс белгісімен ауыстырылсын; мынадай мазмұнды 8) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 8
"8) акцияларды қоспағанда Қазақстан Республикасының заңдарына және осы бағалы қағаздардың эмиссия проспектісіне (шығарылым шарттарына) сәйкес брокер-дилердің өз бағалы қағаздарын сатып алуы."
Тармақ 2
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
Тармақ 3
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін)" Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушылары қауымдастықтарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның назарына жеткізсін.
Тармақ 4
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының лицензиялау және қадағалау басқармасы:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
Тармақша 2
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.