О внесении изменений и дополнений в постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам "Об утверждении Правил осуществления брокерской и дилерской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан" от 31 декабря 1998 года N 20 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру және оны Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 V980683_ қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаментi (Шалғымбаева Г.Н.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының барлық мүдделi бөлiмшелерiне, бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын, "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлiк қоғамының және қауымдастық нысанындағы "Активтердi Басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң мүшелерi болып табылмайтын ұйымдарға, сондай-ақ "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамына және қауымдастық нысанындағы "Активтерді Басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
Тармақ 4
4. осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.
Басқа 7. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар
"Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 566 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 V980683_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыру қағидаларында: 1-тармақта:
Тармақша 7
7) тармақша алып тасталсын;
Тармақша 8
8) тармақшадағы "1-бабының оныншы бөлiгiнде" деген сөздер "1-1-бабының 6) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 16
"16) "уәкiлеттi орган" - бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган"; 7-тармақта және одан әрi мәтiн бойынша "Ұлттық комиссиямен", "Ұлттық комиссия", "Ұлттық комиссияның" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органмен", "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын; 52-тармақта:
Тармақша 2
2) тармақшадағы "бiр сатушыдан 50 көп емес дана" деген сөздер алып тасталсын;
Тармақша 4
4) және 5) тармақшалардағы "жiберiлмеген", "жiберiлген" деген сөздер "жiберiлмейтiн", "жiберiлетiн" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 6-1
"6-1) ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында айналысқа жiберiлмейтiн мемлекеттiк емес бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасуға;".