О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года N 331 "Об утверждении Правил ведения кредитного регистра", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 752 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 752 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік тізілім жүргізу ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 331 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік тізілім жүргізу ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 331 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 752 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 10-23 мамырда жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1049 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 443 қаулысымен бекітілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспеде:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздер "қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
"несие" деген сөз "заем" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттік тізілім жүргізу ережесінде:
кіріспеде:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздер "қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
"несие" деген сөз "заем" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтың 1) тармақшасындағы "несиелер" деген сөз "заемдар" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрі - Ұлттық Банк" деген сөздер "қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;
6 және 7-тармақтар алынып тасталсын;
8-тармақта "Ұлттық Банктiң Банктердi қадағалау департаментiне" деген сөздер "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
9, 10, 20-тармақтардағы "Ұлттық Банкке" деген сөздер "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тарау алынып тасталсын;
19-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Тармақ 3
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне жіберсін.
Тармақ 4
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.