О внесении изменений в постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 31 декабря 1998 года № 20 "Об утверждении Правил осуществления брокерско-дилерской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Бағалы қағаздар рыногында брокерлердің-дилерлердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 683 тіркелген, 1999 жылғы сәуір айында "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" N 4 журналында жарияланған, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 782 тіркелген), Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 44 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 924 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 566 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1746 тіркелген), Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2933 тіркелген)) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыру ережесінде: 12, 13, 16, 17-тармақтар алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртiбi мен шарттарын бекiту туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы N 293 қаулысының күші жойылды деп танылған күннен бастап қолданысқа енеді.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Токобаев Н.Т.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
Тармақ 4
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.