О работе акимов гг. Усть-Каменогорска, Лениногорска по исполнению решения Акима области от 31 марта 1998 года № 491-к «О подготовке объектов энергетики, образования, здравоохранения и жилищно-коммунального хозяйства к работе в осенне-зимний период 1998-1999 гг.» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өскемен, Лениногор қалалары әкімдерінің «Энергетика, білім денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық обьектілерін 1998-1999 жылдардағы күзгі-кысқы кездегі жұмысқа әзірлеу туралы» облыс Әкімінің 1998 жылғы 31 наурыздағы № 491-к шешімін орындау жөніндегі жұмысы туралы Ескертуі. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 1999 жылғы 25 мамырдағы № 691-к шешімімен. Аталған шешімді орындай отырып, Өскемен, Лениногор қалаларының әкімдері, олардын аппараттары белгілі жұмыс жүргізуде. Күнкөріс обьектілерін алдағы қысқа әзірлеу жөнінде шаралар, кестелер белгіленді, олар алқа мәжілістерінде бекітілді. Тұрғын үйлердің, әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық обьектілерінің жылу көздерін, инженерлік коммуникациялары мен құрылыстарын, ішкі инженерлік жүйелерді от жағу маусымына әзірлеу жөнінде белгіленген шараларды орындау үшін меншіктік нысандарына қарамастан кәсіпорындардың бірінші басшыларынан жауапты адамдар белгіленді. Бақылау жасау қалалар әкімдерінін орынбасарлары басқарған тұрақты жұмыс істейтін комиссияларға (штабтарға) жүктелген. Пайдаланылған коммуналдық қызметтер үшін берешектерді кеміту жөнінде комиссиялар құрылып, жұмыс істейді. Қажетті отын санынын көлемі айқындалды. Конкурстық комиссияда жеткізіп берушілер тағайындалды, қазір олармен шарттар жасау жөнінде жұмыс жүргізілуде. Өз қаражаттары есебінен қалаларда тұрғын үй және әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық обьектілерінде жылумен жабдықтаудың балама көздерін орнату жөнінде жұмыс одан әрі жүргізілуде. Бекітілген кестелерге сәйкес жылу-электр стансаларының, су-электр стансаларының, магистральді электр желілерінің жабдықтарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мұнымен катар Өскемен, Лениногор қалаларында көмір сатып алу және жөндеу-дайындық жұмыстарын орындау үшін қаржылық қаражаттарды толықтыру жөнінде жұмыс жеткілікті жолға қойылмаған, республикалық, облыстық, жергілікті бюджеттердің, өнеркәсіп кәсіпорындарының, халықтың коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін жеткізіп беруші кәсіпорындар алдындағы берешектерін өтеу жөнінде қажетті шаралар қолданылмауда, мұнын, өзі қыс маусымына дер кезінде дайындалу жұмыстарын жоққа шығаруға әкеліп соғады. 1998 жылғы 1 шілдеге Өскемен қаласы бойынша жалпы берешек - 1255,3 млн.тенге, Лениногор қаласы бойынша - 140,9 млн .тенге болып отыр, бұл облыс бойынша жалпы берешектердін, тиісінше 36,9 және 4,1 проценті. Құрылымда негізгі үлесті халықтың (50-70%) және кәсіпорындардың (18-26%) берешекгері құрайды, мұның өзі кәсіпорындардың абоненттік қызметтерінің жұмысы жетілдірілмегендігін, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің нашар жұмысын көрсетеді. Өскемен қаласының әкімі (Лукин А.А.) облыс Әкімі шешімінің жергілікті бюджеттердің берешектерін үстіміздегі жылғы 15 маусымға дейін өтеу бөлегін орындаған жоқ. Керісінше, 1 маусымдағы жағдай бойынша олар сәуір айымен салыстырғанда 65 процентке өсті (57,5 млн тенге - 94,9 млн .тенге). Өскемен және Лениногор қалалары бойынша республикалық және облыстық бюджеттердің берешектері өсті, тиісінше Өскемен бойынша 318,188 процент, Лениногор бойынша 86,12 процент. Жазғы уақытта халықтан мамыр айынан бастап төлемдердің аз түсуі жағдайды күрделі етуде, мүның өзі қызмет көрсетуші кәсіпорындарға дайындық жұмыстарын тиісті дәрежеде жүргізуге мүмкіндік бермеуде. Мысалы, үстіміздегі жылғы 20 шілдеге Өскемен қаласында 21 қазандықтан жөндеу жұмыстары бірде-бірінде толық аяқталған жоқ. «Шығысжылуэнергоның» қазандық кәсіпорындарында жөндеу жұмыстарын орындау проценті томен; «Шығысжылуэнерго» мемлекеттік кәсіпорнының № 2 қазандығын (Прохладная ауданы), «Триас ЛТД» қазандығын (Солжақ жағалау) жөндеуге мүлде кіріспеген, «Промбаза» қазандығында жұмыс тоқтатылған. Өскемен, Лениногор қалаларында жылу желілерінін, дайындығы небәрі бес процент қана. «Шығысжылуэнерго» мемлекеттік кәсіпорнының мүліктік кешенін жауапкершілігі шектеулі «Алтай Пауэр энд Лайт» Серіктестігінің басқаруына дер кезінде бермеуге байланысты Өскемен қаласының ішкікварталдык жылу желілерін қыс кезіне дайындау өте қанағаттанғысыз жүргізілуде, мұнда 1998 жылғы 20 шілдеге 310 желілердің 7 км. престелген, 6,6 км. жылу желілері жөнделмеуде, мұнда құбырларды толық ауыстыру қажет. Ведомстволық жататындығын жоғалтқан электр желілерін «Алтайэнерго аймақтық энергетика компаниясы» ашық акционерлік қоғамынын. Өскемен филиалының балансына беру мәселесі баяу шешілуде. Лениногор қаласының, су құбыры-канализация шаруашылығын дайындау кестеден артта қалуда. «Лениногор полиметалл комбинаты» акционерлік қоғамының ескірген, авариялық тұрғын үйлерін, Аблакетканың, Жана Гаванның, Өскемен қаласының Құрылыс алаңының тұрғын аландарын әзірлеу қауіп туғызуда. Әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық обьектілерінің дайындығы да төмен процент - 10-25%. Лениногор қалаларының №№ 8, 15, 17 мектептерінде, Тохтаров, Гагарин атындағы интернаттарда, Өскемен қаласының № 5 ауруханасында, медициналық орталығында қаржылық қаражаттардын жеткіліесіздігінен төбе, жылу, су құбыры, канализация желілері бойынша жөндеу жұмыстарына кіріспеген. Өскемен қаласының 11 мектептерінде осы уақытқа дейін мердігер белгіленбеген. Көмір сатып алу жөніндегі облыстық конкурстық комиссия Өскемен, Лениногор қалаларына бюджеттік сала және халықтың женілдік алатын санаттары үшін көмірді бір қөзден сатып алуға рұқсат етілді, аланда осы уақытқа дейін жабдықтаушы белгіленбеген, басқа қазандықтарда да көмір дайындау жүргізілмеуде. Өскемен қаласының кәсіпорындар, ұйымдар, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығының бөлімдері мен департаменттері басшыларының тарапынан қыс маусымына әзірліктін барысына тиісті бақылау жоқ, белгіленген шараларды орындау жөнінде айқын есеп пен талдау да жоқ. Өскемен, Лениногор қалаларының, бүтіндей облыстың энергетика, білім, денсаулық сақтау және тұрғын үй-коммулалдық шаруашылығының обьектілерін дер кезінде және сапалы әзірлеу үшін ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Өскемен (Лукин А.А.) және Лениногор (Щепетильников В.М.) қалалары әкімдерінің алдағы қыс маусымына дайындалу жөніндегі жұмысы жеткіліксіз деп атап көрсетілсін, оларға міндеттелсін: - қалалардьң кыс кезіне әзірлігінің барысына талдау жасасын, аталған кемшіліктерді жою жөнінде шұғыл шаралар қолдансын, белгіленген шараларды мерзімінде орындауды қамтамасыз етсін, ескі және авариялық тұрғын үйлерді әзірлеуге ерекше назар аударсын, жергілікті бюджеттің, өнеркәсіп кәсіпорындарының, халықтың коммуналдық қызметтер үшін берешектерін қайтарып беруге баса көңіл бөлсін; - штабтардың аптасайынғы жұмысы қамтамасыз етілсін, абоненттік қызметтің жұмысты тиімді істеуі ұйымдастырылсын, халықтың, кәсіпорындар мен ұйымдардың коммуналдық қызметтер үшін төлемдерін жинауға қатан бақылау орнатылсын; - жергілікті жерлерде өзін-өзі басқару комитеттерінін жұмысы жандандырылсын, меншік пәтер иелері кооперативтерінің тұрғын үй қорын әзірлеу жөніндегі іс-қимылдарын үйлестіруге елеулі көніл бөлінсін. - бюджеттік сала және халықтың женілдікпен пайдаланатын санаттары үшін көмір жеткізіп беруге конкурстық комиссияда ұтқан жабдықтаушылармен қысқы мерзімде шарт жасап, оны дайындауды бастасын. - жылумен жабдықтаудың балама көздерін орнату жөніндегі бағдарламаны орындау қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. «Шығыс Қазақстан өзен пароходствосы» акционерлік қоғамы (Луин И.П.), меммүлікті басқару жөніндегі Шығыс Қазақстан аумақтық комитеті (Егізбаев Ж.Қ.), облыстық құрылыс, тұрғын үй, сәулет және аумақта құрылыс салу басқармасы (Никитин Н.Л.) навигация аяқталғанға дейін оңтүстік аудандарға көмір жеткізіп беруді толық көлемінде қамтамасыз ететін қажетті шаралар қолдансын.
Тармақ 3
3. Меммүлікті басқару жөніндегі Шығыс Қазақстан аумақтық комитеті (Егізбаев Ж.Қ.) «Шығысжылуэнерго» мемлекеттік кәсіпорнының мүліктік кешенін «Алтай Пауэр энд Лайт» ЖШС беруді, ведомстволық бағыныштығын жоғалтқан электр желілерін «Алтайэнерго аймақтық электр компаниясы» ашық акционерлік қоғамынын Өскемен филиалының балансына беруді шұғыл аяқтасын.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандардың әкімдері, басқармалар мен департаменттердің басшылары объектілерді қысқы жағдайдағы жұмысқа әзірлуді жеке өздері бақылауға алсын. Ведомстволық ұйымдар мен мекемелердің коммуналдық қызметтер үшін берешектерін жоюға, жөндеу- әзірлік жұмыстарын, авариялық және ескі үйлерді, жылумен жабдықтау көздерін, су жинайтын және тазарту құрылыстарын қыс кезіне әзірлеуді қаржыландыру үшін қаражаттар белуге ерекше назар аударылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары Ю.П.Швайченкоға жүктелсін.