Отчет акимов Кокпектинского, Курчумского районов по выполнению решения Акима области от 31 марта 1998 года № 491-к «О подготовке объектов энергетики, образования, здравоохранения, жилищно-коммунального хозяйства к работе в осенне-зимний период 1998-1999 гг.» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.09.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Энергетика, білім беру, денсаулық сақтау, тұрмыстық- коммуналдық шаруашылық объектілерін 1998-1999 жылдардағы күзгі-қысқы жұмысқа әзірлеу туралы» облыс Әкімінің 1998 жылғы 31 наурыздағы № 491-к шешімін орындау жөніндегі Көкпекті, Күршім аудандары әкімдерінің есебі Ескертуі. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 1999 жылғы 25 мамырдағы № 691-к шешімімен. Аталған шешімді орындай отырып, Көкпекті жэне Күршім аудандарының әкімдерімен, олардың аппараттарымен белгілі бір жұмыс атқарылған. Тіршілікті қамтамасыз ететін объектілерді алдағы қысқа дайындау жөнінде шаралар әзірленген, жұмыстар жүргізу кестесі жасалған, олар коллегиялардың мәжілістерінде бекітілген және басында аудан әкімдерінің орынбасарлары тұратын комиссиялардын (штабтардың) тұрақты бақылауына алынған. Жаппай пайдаланылатын кезде электр қуатын тұтынушыларды шектеу кестесі жасалған және бекітілген, жылу берілетін мерзімде электр қуатынан ажыратуға жатпайтын, тіршілікті қамтамасыз ететін обьектілер тізбесі жасалды. Отынның қажетті мөлшерінің көлемі мен жабдықтаушылар анықталды. Сонымен бірге Көкпекті және Күршім аудандарының әкімдері облыс Әкімі шешімінің көрсетілген коммуналдық қызметтер үшін республикалық, облыстық жергілікті бюджеттердің, кәсіпорындар мен халықтың берешектерін өтеу жөніндегі № 5 тармағын орындамауда. Отын сатып алу үшін қаржы жинау және қысқа дайындық бойынша орындалған жұмыс көлемдері үшін ақы төлеу жөніндегі жұмыс жеткіліксіз жүргізілуде. 1998 жылғы 1 қыркүйекке жалпы берешек Күршім ауданы бойынша 15334,5 мың теңгені, Көкпекті ауданы бойынша 23145,0 мың тенгені құрады. Осы жылдың сәуір айымен салыстырғанда пайдаланылған коммуналдық қызметтер үшін жалпы берешек кеміген жоқ, керісінше Күршім ауданы бойынша 1413 мың теңгеге және Көкпекті ауданы бойынша 439,7 мың тенгеге өсті. Жалпы берешектің, негізгі сомасын кәсіпорындар мен тұғындар қарыздары (тиісінше 28-47; 26-35 процент) құрайды. Бұл аудандарда кәсіпорындармен және халықпен жұмыстың жеткіліксіз жүргізілуінің нәтижесі, коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындардың абоненттік қызметтерінің жұмысы жетілдірілмеген деген сөз. Ал бұл аудандарда қарыздарды өтеу жөніндегі жүйенін жоқтығын мына факті дәлел: 1998 жылғы 1 қыркүйекке жергілікті бюджет қарыздары Күршім ауданы бойынша - 3044,9 мың теңгені, Көкпекті бойынша - 3380,3 мын теңгені құрайды. Нәтижесінде, 1998 жылғы 10 қыркүйектегі жағдай бойынша Күршім ауданында коммуналдық қазандық және женілдікпен пайдаланатын тұрғындар үшін бір де тонна көмір жеткізілмеген, ал қажетілік - тиісінше 13,0 және 5,3 мың тонна және бюджеттік ұйымдарға жоспарлы 26,9 мың тоннадан жеткізнігені 429 тонна ғана. Бұл ауданға көмір толық мөлшерде су жолы жабылғанға дейін су көлігімен жеткізілуі тиіс. Көкпекті ауданында халықтын женілдікпен пайдаланатын санаты үшін қажетгі 4,9 мын, тонна көмірдің бір мың тоннасы ғана жеткізілген, ал оны бюджеттік ұйымдар үшін (21,8 мын тонна) дайындау әлі басталмаған. Қаржылық қаражаттардың жоқтығынан және ұйымдастырудың нашарлығынан тіршілікті қамтамасыз ететін объектілерді алдағы күзгі- кысқы мерзімде жұмыс істеуге дайындау жөніндегі жөндеу - профилактикалық жұмыстардың орындалу кестесі бұзылуда. 1998 жылғы 10 қыркүйекке Күршім ауданындағы 43 қазандықтың 6 қазандығы және Көкпекті ауданындағы 46 қазандықтың 3 казандығы әлі жөнделмеген. Күршім ауданының 6 км және Көкпекті ауданынын 3,6 км жылу жүйесінде жөндеу жүргізілмеген. Самар ауылындағы жылу жүйелері авариялық жағдайда, мұның өзі осы ауылдын, тұрғын үйлерін жылумен қамтамасыз етуге қауіп төндіреді Күршім ауданындағы ескі және авариялық жағдайдағы тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету мәселесі аландатады, олардың алаңы 19 мың, шарніы метр, мұның өзі облыс бойынша жалпы көлемнің 17,3 процентін құрайды. Күршім ауданында бір мектепте, үш фельдшерлік-акушерлік қосыны мен орталық аудандық ауруханада және Көкпекті ауданында екі мектеп пен екі ауруханада (Көкпекті ауылы, Самар ауылы) жөндеу жұмысы аяқталмаған. Қаржылық қаражаттардың жөқтығынан 1998 жылға арналған жылумен жабдықтаудың балама көздерін қондыру жөніндегі және су қүбырлары-канализациялық жүйелер құрылысы мен жөндеу жөніндегі «Таза су» бағдарламалары орындалмауда. Күршім және Көкпекті аудандарының энергетика, білім беру, денсаулық сақтау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін қыс жағдайларында жұмыс істеуте уақтылы дайындау және жылу көздерін отынмен қамтамасыз ету үшін ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Күршім (Сіләмов Б.Б.) және Көкпекті (Қожамбетов Б.К.) аудандары әкімдерінің алдағы қысқа дайындық жөніндегі жеткіліксіз жұмысы атап өтілсін және оларға мыналар міндеттелсін:
Тармақша 1
1) Суық түскенге дейін атап көрсетілген кемшіліктерді жою жөнінде шұғыл шаралар қолдансын, белгіленген шаралардын, мерзімінде орындалуын қамтамасыз етсін, ескі үйлер мен авариялық жағдайдағы жылу жүйелерін дайындауға ерекше назар аударсын.
Тармақша 2
2) 1998 жылғы 15 қазанға дейін Көкпекті ауданының, бюджеттік және коммуналдық қазандықтарында отынның екі айлық қорын және су жолы жабылғанға дейін Күршім ауданындағы қажеттілікті толық қамтамасыз етсін.
Тармақша 3
3) Қысқа әзірлік жөніндегі комиссиялар, штабтар жұмысын жандандырсын, халықтан, кәсіпорындар мен ұйымдардан пайдаланған коммуналдық қызмет үшін ақы жинауға катаң бақылау қойсын.
Тармақша 4
4) Жылумен жабдықтаудың балама көздерін қондыру жөніндегі және су құбырлары-канализациялық жүйелер құрылысы мен жөндеу жөніндегі «Таза су» бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. «Бұқтырма айлағы» ЖШС (Ильясов С.И.), облыстық құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (Никитин Н.Л.) су жолы жабылғанға дейін Күршім ауданына көмірдін, толық көлемде жеткізілуін қамтамасыз ететін қажетті шаралар қолдансын.
Тармақ 3
3. Аудандардың әкімдері, аудандық және облыстық басқармалар мен департаменттердін басшылары қыс мерзімінде жұмыс істеуге объектілерді дайындау жөніндегі шаралардың орындалуын өз бақылауына алсын. Өздеріне қарасты ұйымдар мен мекемелердің пайдаланған коммуналдық қызметтері үшін қарыздарын өтеуіне, жөндеу-дайындық жұмыстарын қаржыландыру үшін қаражаттардың бөлінуіне, авариялық жағдайдағы және ескі тұрғын үйлерді, жылумен, сумен жабдықтау көздерін қысқа әзірлеуге ерекше назар аударсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің орынбасары Ю.П.Швайченкоға жүктелсін.