О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 марта 1999 года N 343 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.02.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 наурыздағы N 343 қаулысына толықтыру енгізу туралы Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстар мен қызмет көрсетулердің жекелеген түрлерін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Жұмыстардың және қызмет көрсетулердің жекелеген түрлерінің рыногын дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 наурыздағы N 343 P990343_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 11, 105-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы тараумен және 39, 40-тармақтармен толықтырылсын: "Жол қозғалысының қауіпсіздігі саласындағы қызмет
Тармақ 39
39. Мемлекеттік техникалық байқаудың алдында көлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалау.
Тармақ 40
40. Көлік құралдарын дайындауға, қайта жабдықтауға, көшелерді, қалалық жер бетіндегі электр көлігі желілерінің құрылысын салуға және оларды қайта жаңартуға, жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарына арналған техникалық құжаттамаларға жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қолданылып жүрген нормаларға, ережелерге және стандарттарға сәйкестігі бөлігінде сараптама жасау.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.