О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 марта 1999 года № 341 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 наурыздағы N 341 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "1999 жылдың егіс науқанын тұқымдық астықпен тауарлық несиелендіру туралы" 1999 жылғы 31 наурыздағы N 341 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Тармақша 1
1) тармақтағы "123 000" деген сан "130 000" деген санмен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) көрсетілген қаулыға 1-қосымша қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Тармақша 3
3) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 2-1
"2-1. "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамына, Батыс Қазақстан облысының әкімі өтінімінің негізінде, 16 400 тонна бидайдың тұқымын бидай тұқымының жоғарыда көрсетілген көлемін мемлекеттік ресурсқа есептеу арқылы мемлекеттік ресурстан арпа тұқымының тең көлеміне айырбастауды жүргізу ұсынылсын.
Бидайдың тұқымға жарамды тауарлы астығы бағасының ара-қатынасы тұқымға жарамды тауарлық партиядан арпаға 1:0.5, яғни 104 АҚШ долларына баламды баға бойынша белгіленсін және бидайдың тұқымын арпаның тұқымына ауыстырудың нәтижесінде пайда болған құндағы айырмашылық "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі кейбір шаралар туралы" 1998 жылғы 5 қазандағы N 998 қаулысына сәйкес астық сатып алуға алынған қаражат бойынша "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамының алдындағы берешегіне қатысты деп белгіленсін".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 7
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
23 сәуірдегі
N 458 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
31 наурыздағы
N 341 қаулысына
1-қосымша
Мәслихаттардың шешімі негізінде облыстар әкімдерінің
қарыз алуымен ауыл шаруашылығы тауар
өндірушілеріне бөлінетін тұқымдардың
Көлемі
мың тонна
______________________________________________________________________
| Облыстар | Көлемі |
| | |
|__________________________________|___________________________________|
Ақмола 27.0
оның ішінде:
Ақкөл ауданы 2.5
Егіндікөл ауданы 1.7
Ерейментау ауданы 6.8
Еңбекшілдер ауданы 5.0
Есіл ауданы 4.0
Жарқайың ауданы 2.0
Жақсы ауданы 2.0
Қорғалжын ауданы 1.0
Зеренді ауданы 2.0
Ақтөбе 10.0
оның ішінде:
Әйтеке би ауданы 4.0
Алға ауданы 0.4
Қарғалы ауданы 1.0
Мәртүк ауданы 2.1
Хромтау ауданы 2.5
Батыс Қазақстан 59.0
оның ішінде:
Ақжайық ауданы 2.0
Бөрлі ауданы 9,0
Жәнібек ауданы 3.0
Зеленов ауданы 13,0
Казталов ауданы 1,0
Қаратөбе ауданы 1,0
Сырым ауданы 9,0
Тасқала ауданы 5,0
Теректі ауданы 11,0
Шыңғырлау ауданы 5,0
Қарағанды 4.0
оның ішінде:
Нұра ауданы 3.1
Осакаров ауданы 0.9
Қостанай 30.0
оның ішінде:
Алтынсарин ауданы 1.3
Амангелді ауданы 3.2
Арқалық ауданы 4.0
Жангелдин ауданы 2.0
Денисов ауданы 1.0
Жітіқара ауданы 2.0
Қамысты ауданы 1.0
Қарасу ауданы 5.5
Меңдіқара ауданы 2.0
Сарыкөл ауданы 3.0
Таранов ауданы 5.0
Жиыны 130.0