О внесении дополнений и изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 января 2000 года N 15 "Об утверждении Правил выдачи и отказа в выдаче согласия на открытие филиалов и представительств страховых (перестраховочных) организаций", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1073 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1073 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беру және келісім беруден бас тарту ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 31 қаңтардағы N 15 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 20 қаулысымен .
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беру және келісім беруден бас тарту ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 31 қаңтардағы N 15 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1073 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 13-26 наурызда жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беру және келісім беруден бас тарту ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 107 қаулысымен бекітілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беру және келісім беруден бас тарту ережесінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Сақтандыру ұйымы филиалының электронды почта қабылдауға және жіберуге арналған модеммен жарақтандырылған кемінде бір дербес компьютері болуы керек.";
8-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жерін растайтын құжат.";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес - сақтандыру ұйымының өкілдігін ашуға келісім беру туралы өтінішке осы Ереженің 8-тармағында көзделген құжаттармен қатар Қазақстан Республикасының резиденті емес - сақтандыру ұйымы мемлекетінің тиісті сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында өкілдікті ашуға рұқсаты, не тиісті мемлекеттің заңдары бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтінін растайтын құжат қоса беріледі.
Қазақстан Республикасының резиденті емес - сақтандыру ұйымы ұсынатын құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен заңдастырылуы тиіс.";
10-тармақтағы "7, 8, 9" деген сандар "7, 8, 8-1, 9" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін шаралар қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.