О ходе выполнения постановления Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2000 года № 1641 «О программе борьбы с преступностью в Республике Казахстан на 2000-2002 годы» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 қазандағы №1641 «Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарлама туралы» Қаулысын жүзеге асыру барысы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 31.12.2004 № А-1/332 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 қазандағы «Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарлама туралы» Қаулысына сәйкес облыс әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі 2003-2004 жылдарға арналған аумақтық бағдарлама әзірленсін және облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық басқармалар мен ведомстволар (келісім бойынша) лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру, мемлекеттік қызметкерлердің кадрлық және кәсіби құрамын нығайту мақсаттарында, облыс әкімінің 2001 жылғы 28 ақпандағы №43 шешімімен бекітілген Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламаға ұсыныстар дайындап, толықтырулар мен өзгертулер енгізсін.
Тармақ 3
3. Ақмола облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің (келісім бойынша), Ақмола облысы бойынша ішкі істер бас басқармасының (келісім бойынша) басшыларына заман талаптарын ескере отырып, қызметкерлер арасындағы тәртіпті қаталдату ұсынылсын. Лауазымды тұлғаларды жоғары қызметке ұсыну кезінде олардың адамгершілік және іскерлік қасиеттері мұқият зерттелуі негізінде жүргізілсін. Қызмет көрсету және тергеу жүргізу органдарын жоғары білікті, тәжірибелі мамандармен нығайтуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. 2003 жылға арналған облыстық, аудандық, қалалық бюджеттерді құрастыру кезінде ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базаларын нығайтуға қаржы қарастырсын.
Тармақ 5
5. Аудандардың, Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдіктері:
Тармақша 1
1) Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі 2003-2004 жылдарға арналған қалалық, аудандық аймақтық бағдарламалар әзірлеп, қалалық және аудандық мәслихат сессияларында бекітуге ұсынсын;
Тармақша 2
2) Көкшетау қалалық ішкі істер бөліміне полиция қызметкерлерін жабдықтауға және қажетті жұмыс жағдайын жасауға көмек көрсетсін;
Тармақша 3
3) учаскелік инспекторларды белгіленген тиісті нормаларға сәйкес жабдықтасын, оларды қажетті жұмыс орындарымен, .жиһаздармен, автокөлікпен, тұрғын үймен, байланыс құралдарымен, ұйымдастыру техникаларымен қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) ауылдық округтер мен кенттерде учаскелік инспектордың көмекшісі лауазымдарын кезеңдеп енгізу ұсынылсын;
Тармақша 5
5) қоғамдық құрылымдардың (халық жасақтары, ақсақалдар алқасы, студенттер кеңесі және т.б.) жұмыстарына қолдау көрсетіп отыруды жалғастырсын;
Тармақша 6
6) бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтарды орналастыру проблемаларын шешсін.
Тармақ 6
6. Облыстық білім басқармасы жастар арасында нашақорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөніндегі тәрбие және осы проблеманы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялау жұмыстарын күшейтсін, жасөспірімдерді жұмыспен қамту, демалыс уақыттарын ұйымдастыру проблемаларын шешсін, Конституциялық нормалардың міндетті орта білім алу жөніндегі тарауын жүзеге асыру бойынша нақты іс-шаралар белгілесін, кешкі мектеп жұмыстарын қалпына келтірсін.
Тармақ 7
7. Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңын орындау мен жүзеге асыру бойынша іс-шаралар қолдану ұсынылсын. Жастар мен жасөспірімдердің алкоголь, есірткі, улы заттарды пайдалануына байланысты проблемаларды шешуге көмек көрсету мақсаттарында арнайы қызмет орындарын құрсын.
Тармақ 8
8. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы наркологиялық қызметтің даму үдерісін ескере отырып Қазақстан Республикасының «Есірткіге тәуелділерді медициналық-әлеуметтік сауықтыру туралы» Заңын жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды күшейтсін, халықтың әртүрлі дәрежелеріне арнап есірткіні теріс пайдаланудың тұрақты мониторингі тетігін әзірлеп енгізсін.
Тармақ 9
9. Әр тоқсан сайын жоғарыда аталған пункттерді жүзеге асыру барысы туралы Ақмола облысы әкімінің аппаратына ақпарат тапсырып отырсын.
Тармақ 10
10. Облыс әкімдігінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы №а-12/180 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С.Сейітжановқа жүктелсін.