О внесении дополнений и изменений в решение акима области от 31 января 2000 года № 37 «Об областной программе «Алтын Тіл» Күшін жойған
Басқа 0
Облыс әкімінің 200 жылғы 31 қаңтардағы «Облыстық «Алтын тіл» бағдарламасы туралы» № 37 шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Ескерті. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 25 шешімімен.
Облыстың барлық ведомстволары мен ұйымдарының облыстық "Алтын тiл" бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiру және бағдарлама iс-шараларының орындалу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттауды қамтамасыз ету мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 31 қаңтардағы "Облыстық "Алтын тiл" бағдарламасы туралы" № 37 шешiмiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
мынадай мазмұндаєы 1-1, 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Облыстық "Алтын тiл" бағдарламасын орындау жөнiндегi үйлестiру кеңесi құрылсын және оның құрамы бекiтiлсiн (5 қосымша).
1-2. Облыстық "Алтын тiл" бағдарламасын орындау жөнiндегi үйлестiру кеңесi туралы ереже бекiтiлсiн (6 қосымша).";
аталған шешiммен бекiтiлген 2 қосымшасына:
мектеп оқушыларының мемлекеттiк тiл бiлiмдерiнiң деңгейiне және мектептердегi қазақ тiлi мұғалiмдерiнiң сапалық құрамына бақылау жасайтын қоғамдық комиссиясының құрамына мыналар қосымша енгiзiлсiн:
"Әдбiрахманов Мұрат Мұсайбекұлы
- халықаралық "Қазақ тiлi" қоғамы облыстық филиалы төрағасының мiндетiн атқарушы, төрағаның орынбасары
Әлiбаев Қабидолла Әлиұлы
- Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжiнiң оқытушысы
Жұманиязова Сағын Жұманиязқызы
- Ы. Алтынсарин атындағы облыстық гимназия-интернатының мұєалiмi
Жұматаева Еңлiк Әсербайқызы
- С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетiнiң доцентi
Тайгулин Аманкел
- Павлодар № 22 орта мектебiнiң мұғалiмi";
аталған құрамнан: Ерсайын Ахметжанұлы Бимағанов, Гүлайым Халелқызы Бұқанова, Бахыт Субекова, Полина Шакауқызы Тәшева шығарылсын.
Басқа 1. Облыстық "Алтын тiл" бағдарламасын орындау
жөнiндегi облыстық үйлестiру кеңесiнің құрамы
Облыс әкiмiнiң
2001 жылғы 22 мамырдағы
№ 124 шешiмiне 5 қосымша
Облыстық "Алтын тiл" бағдарламасын орындау
жөнiндегi облыстық үйлестiру кеңесiнің құрамы
Наурызбаева Гүлбарам Әуезханқызы
- облыстық тәртiптiк кеңесiнiң төрағасы, төраға
Юсупов Думанбек Тұрсынбекұлы
- облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасының бастығы (келiсiм бойынша)
Елiкбаев Серiк Төлеубайұлы
- облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы тiлдердi дамыту бөлiмiнiң бастығы, хатшы (келiсiм бойынша)
Комиссия мүшелерi
Әдбiрахманов Мұрат Мұсайбекұлы
- халықаралық "Қазақ тiлi" қоғамы облыстық филиалы төрағасының мiндетiн атқарушы, төрағаның орынбасары
Даржұманқанат Болатұлы
- Қазақстан халықтарының Кiшi Ассамблеясы төрағасының орынбасары
Бәделхан Айтжан
- Бұқар Жырау атындаєы облыстық әдебиет және өнер мұражайының ғылыми қызметкерi
Жақсыбаев Аманғали Жұмағалиұлы
- "Ирбис" ЖАҚ телерадиокомпаниясының бас директоры (келiсiм бойынша)
Жалмағамбетова Бұлғын Шәкенқызы
- Абай атындағы № 10 мектеп лицейiнiң директоры
Қожанов Оралбек
Қожанұлы
- облыстық ономастикалық комиссияның төрағасы (келiсiм бойынша)
Мақұлов Ульян
Мақұлұлы
- облыс әкiмi аппараты құжаттамамен қамтамасыз ету бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары - бас маманы
Нұқұлы Алтынбек
- С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетiнiң проректоры
Нұрсиленов Ахметбек Күсетайұлы
- "Асыл Ағаш" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң бас директоры (келiсiм бойынша)
Шәкәрiмов Қабидолла Нұрсейiтұлы
- Павлодар облысындағы тiлдердi дамыту қоғамдық қорының атқарушы директоры (келiсiм бойынша)
Басқа 2. Облыстық "Алтын тiл" бағдарламасын орындау
жөнiндегi облыстық үйлестiру кеңесi туралы
ЕРЕЖЕ
Облыс әкiмiнiң
2001 жылғы 22 мамырдағы
№ 124 шешiмiне 6 қосымша
Облыстық "Алтын тiл" бағдарламасын орындау
жөнiндегi облыстық үйлестiру кеңесi туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Облыстық "Алтын тiл" бағдарламасын орындау жөнiндегi облыстық үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) облыс әкiмiнiң жанындағы консультативтi кеңесшi орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес мемлекеттiк органдар қызметшiлерiнiң, қоғамдық органдар, қоғамдық, шығармашылық интеллигенция өкiлдерiнiң, тiл мамандарының арасынан құрылады. Кеңес мүшелерi өз мiндеттерiн қоғамдық негiзде жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Кеңес құрамын облыс әкiмi бекiтедi.
Тармақ 4
4. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы" Заңын , Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 5 қазандағы "Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы туралы" № 4106 Жарлығын , Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 ақпандағы "Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы" № 550 Жарлығын , облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 31 қаңтардағы "Облыстық "Алтын тiл" бағдарламасы туралы" № 37 шешiмiн басшылыққа алады.
Тармақ 5
5. Кеңес өз қызметiн мемлекеттiк органдармен, қоғамдық бiрлестiктермен өзара қарым-қатынаста жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Кеңестің шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
Тарау 2. 2. Кеңестiң мақсаты, қызметтерi және мiндеттерi
2. Кеңестiң мақсаты, қызметтерi және мiндеттерi
Тармақ 7
7. Кеңестiң мақсаты облыс әкiмiне облыстық "Алтын тiл" бағдарламасының (бұдан әрi - баєдарлама) iс-шараларын орындау мәселелерi жөнiндегi ұсыныстар мен ұсынымдарды дайындау болып табылады.
Тармақ 8
8. Мыналар:
Бағдарламаның орындалуын жан-жақты және нақты зерделеу мен қорытындыларын жинақтау;
Бағдарламаның iс-шараларының толық және уақытында орындалуын қамтамасыз ету, мемлекеттiк тiлдi дамыту үшiн қолайлы жағдай жасау, оның барлық салаларда белсендi қолданылуы үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiндегi облыстың барлық ұйымдары мен ведомстволарының жергiлiктi атқарушы органдардың қызметтерiн үйлестiру;
Бағдарламаны орындау жөнiнде Павлодар облысындағы тiлдердi дамыту қоғамдық қорымен өзара байланысты жүзеге асыру;
бұқаралық ақпарат құралдарында Бағдарламаның орындалуын насихаттау Кеңестiң негiзгi мiндеттерi болып табылады.
Тармақ 9
9. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес белгiленген тәртiпте мынадай қызметтердi орындайды:
Бағдарламаның, облыс жергiлiктi атқарушы органдарының, ұйымдары мен ведомстволарының мемлекеттiк тiлдi дамыту, оның барлық салаларда белсендi қолданылуы үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiндегi қызметтерiнiң орындалу мониторингiн жасауды қамтамасыз етедi;
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңын жүзеге асыру жөнiнде мемлекеттiк саясат мәселелерi бойынша консультативтiк жұмыстар жүргiзедi;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтердi жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру және жұмыс тәртiбi
3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру және жұмыс тәртiбi
Тармақ 10
10. Кеңес мәжiлiстерi қажетiне қарай, тоқсанына кем дегенде бiр реттен өткiзiледi.
Тармақ 11
11. Кеңестiң шешiмдерi хаттамалармен ресiмделедi.
Тармақ 12
12. Кеңес мәжiлiстердi дайындаған сараптама және талдау жұмыстарын өткiзген кезде мәселелердi пысықтау үшiн Кеңес мүшелерi бiрiнiң басшылығымен iстейтiн жұмыс топтарын құра алады.
Тармақ 13
13. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн:
өз мәжiлiстерiне облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелерiнiң, кәсiпорындарының басшыларын шақыруға және оларды тыңдауға;
жергiлiктi мемлекеттiк органдардың ақпараттық банкiлерiн пайдалануға;
құжаттарды дайындауға ғылыми ұйымдарды, тәуелсiз сарапшылар мен мамандарды тартуға;
заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 4. 4. Кеңес қызметiн қамтамасыз ету
4. Кеңес қызметiн қамтамасыз ету
Тармақ 14
14. Кеңестiң қызметiн ұйымдық-талдамалық қамтамасыз етудi облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы (келiсiм бойынша) жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Кеңес қызметiн тоқтату тәртiбi
5. Кеңес қызметiн тоқтату тәртiбi
Тармақ 15
15. Кеңес қызметi облыс әкiмiнiң тиiстi шешiмiнiң негiзiнде тоқтатылады.