О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 января 2001 года N 155 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 155 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "2001 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 47-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "3 369 740 000 (үш миллиард үш жүз алпыс тоғыз миллион жеті жүз қырық мың) теңге сомасына 276 000 (екі жүз жетпіс алты мың) тоннаға дейінгі көлемде - 2001 жылғы 20 шілдеге дейінгі мерзімде қаржыландыру арқылы жеткізілім шарты негізінде;"; 1-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "213 780 000 (екі жүз он үш миллион жеті жүз сексен мың) теңге сомасына 14 000 (он төрт мың) тоннаға дейінгі көлемде - 2001 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде қаржыландыру арқылы жеткізілім шарты негізінде;"; 2-тармақтағы: "екі деңгейлі" деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген 2001 жылғы егіннің астығын екі деңгейлі мемлекеттік сатып алу ережесінде: атауындағы "екі деңгейлі" деген сөздер алынып тасталсын; 1-тармақтағы "екі деңгейлі" деген сөздер алынып тасталсын; 3-тармақта: бірінші абзацтағы "Екі деңгейлі" деген сөздер алынып тасталсын; екінші абзацтағы "Екі деңгейлі" деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.