О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 марта 2001 года N 79 "Об утверждении Правил, устанавливающих требования к вексельной бумаге, производимой на территории Республики Казахстан или ввозимой на ее территорию", зарегистрированные в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1494
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 марта 2001 года N 79 "Об утверждении Правил, устанавливающих требования к вексельной бумаге, производимой на территории Республики Казахстан или ввозимой на ее территорию", зарегистрированные в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1494
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1494 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе оның аумағына әкелінетін вексель қағазына қойылатын талаптарды белгілейтін ережені бекіту туралы" 2001 жылғы 31 наурыздағы N 79 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 120
- Қабылданған күні
- 12.09.2004
- Көрсетілген редакция
- 24.08.2012 AI21547_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.08.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040003146_
- ЭКБ идентификаторы
- 21547
- Редакция идентификаторы
- AI21547_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:42
0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1494 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе оның аумағына әкелінетін вексель қағазына қойылатын талаптарды белгілейтін ережені бекіту туралы" 2001 жылғы 31 наурыздағы N 79 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе оның аумағына әкелінетін вексель қағазына қойылатын талаптарды белгілейтін ережені бекіту туралы" 2001 жылғы 31 наурыздағы N 79 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1494 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 21 мамыр - 3 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе оның аумағына әкелінетін вексель қағазына қойылатын талаптарды белгілейтін ережеде:
1-тармақта "Қазақстан Республикасындағы аударымдық және жай вексельдерге қатысты елтаңбалық алым туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған және" деген сөздер алынып тасталсын.
2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3 3. Монетарлық операциялар департаменті (Әлжанов Б.А.):
1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және бірінші класты вексель эмитенттеріне жіберсін.