О внесении изменения и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 марта 2001 года N 86 "Об условиях определения рейтинга и минимальном рейтинге для страховой (перестраховочной) организации-нерезидента Республики Казахстан и утверждении перечня рейтинговых агентств" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн рейтинг анықтау шарттары мен ең аз рейтинг туралы және рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" 2001 жылғы 31 наурыздағы N 86 қаулысына өзгерiс пен толықтыруды енгiзу туралы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында және сақтандыру қызметiнің дүниежүзiлiк рыногындағы өзгерiстердi назарға ала отырып, сондай-ақ Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментiнiң ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн рейтинг анықтаушарттары мен ең аз рейтинг туралы және рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" 2001 жылғы 31 наурыздағы N 86  қаулысына  мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) N 1 қосымша мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: "5. "Эксперт-РА" Ресейлiк рейтинг агенттiгi";
Тармақша 2
2) N 2 қосымшаның 2-тармағындағы: "ВВВ-"-дан ("Standard & Poors" жiктеуi бойынша) төмен болмауға" деген сөздер "ВВВ+"-дан ("Standard & Рооrs" жiктеуi бойынша) төмен болмауға, немесе "А++"-дан ("Эксперт-РА" Ресейлiк рейтинг агенттiгiнiң жiктеуi бойынша) төмен болмауға" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру ұйымдарына жіберсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.