О внесении дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 марта 2001 года N 86 "Об условиях определения рейтинга и минимальном рейтинге для перестраховочной организации и страхового брокера - нерезидентов Республики Казахстан и утверждении перечня рейтинговых агентств" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін рейтинг анықтау шарттары мен ең аз рейтинг туралы және рейтинг агенттіктерінің тізбесін бекіту туралы " 2001 жылғы 31 наурыздағы N 86 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өтініші негізінде, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін рейтинг анықтау шарттары мен ең аз рейтинг туралы және рейтинг агенттіктерінің тізбесін бекіту туралы" 2001 жылғы 31 наурыздағы N 86 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1503 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 10 (207) басылымдарында 2001 жылғы 7-20 мамырда жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1688 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 19 қазандағы N 414 қаулысымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2418 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 221 қаулысымен және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2824 тіркелген, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 114 қаулысымен бекітілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай толықтырулар енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакциядағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) Қазақстан Республикасының резидент емесі - қайта сақтандыру ұйымы үшін "Эксперт-РА" Ресей рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша сенімділік рейтингісі;";
1-қосымша мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. "Эксперт-РА" Ресей рейтинг агенттігі (Ресей Федерациясы)";
2-қосымшаның 2-тармағының бірінші абзацы ", немесе "А++" төмен емес ("Эксперт-РА" Ресей рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша)" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді және 2006 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Тармақ 3
3. Сақтандыру рыногының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлеріне жіберсін.
Тармақ 4
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.