О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 января 2001 года № 165 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 165 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2003 № 837 қаулысымен. "Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 165 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 54-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі туралы ережеде: 1-тармақта: "жүзеге асырушы" деген сөздерден кейін ", қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырушы;" деген сөздермен толықтырылсын; 11-тармақта: 45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "45) қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;"; мына мазмұндағы 45-1) және 45-2) тармақшалармен толықтырылсын: "45-1) Қазақстан Республикасының қорғаныс тапсырысын қалыптастырады, оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсынады және бекітілген тапсырмаларды мемлекеттік тапсырысшы мен орындаушыларға жеткізеді; 45-2) қорғаныс тапсырысы тапсырмаларын орындау жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі салааралық үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады;".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.