О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 января 2001 года № 165 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 165 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 165 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 54-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі туралы ережеде:
11-тармақта:
39) тармақша "экспортын" деген сөзден кейін "және соның ішінде тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) импортын" деген сөздермен толықтырылсын;
мына мазмұндағы 39-1) және 39-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"39-1) заңнамаға сәйкес экспорттық бақылауға жататын жүктер транзитіне рұқсаттар беру жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімдерінің жобаларын дайындайды;
39-2) өз құзыреті шегінде қызмет түрлерін лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық шарттарды орындауын бақылауды жүзеге асырады;".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.