О внесении изменений и дополнений в решение акима области от 31 мая 2002 года № 433 «Вопросы проведения государственных закупок» Қолданыста
Басқа 0
Облыс әкімінің 2002 жылғы 31 мамырдағы №433 "Мемлекеттік сатып алуды өткізу мәселелері" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы №321-ІІ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңын орындауда ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің 2002 жылғы 31 мамырдағы №433 "Мемлекеттік сатып алуды өткізу мәселелері" шешіміне (Атырау облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 8 маусымда №1042 тіркелді) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
мәтіндегі "облыстық коммуналдық меншік басқармасы" деген сөздер "Атырау облысы коммуналдық меншік басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3 тармақтағы "тізбесі жыл сайын облыс әкімімен бекітілетін" деген сөздер алынып тасталсын;
8 тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-1 тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Атырау қаласы және аудан әкімдері әр айдың 1 күнінен кешіктірмей Атырау облысы коммуналдық меншік басқармасына уәкілетті орган әзірлеген Үлгілерге сәйкес жоспарланған және өткізілген ашық конкурстар жөнінде есеп тапсырады";
10 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"10. Мемлекеттік сатып алу құрылымын және көлемдерін қалыптастыру мақсатында Атырау қаласы және аудан әкімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен мемлекеттік мекемелер қаржы жоспары бекітілген күннен бастап 10 күн ішінде Атырау облысы коммуналдық меншік басқармасына сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердің жоспарлан¬ан номенклатурасы мен көлемі, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәсілі мен мерзімдері көрсетілген мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдың жоспарын тапсырады.".
Тармақ 2
2. Осы шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К. Нокинге жүктелсін.