О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года N 1271 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1271 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс. ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 640-құжат; 2005 ж., N 39, 555-құжат; 2006 ж., N 35, 373-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде : 8-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "7) валюталық интервенцияны жүзеге асырады;"; 13-тармақта: 1) тармақшада "және шетел банктерінде Қазақстан Республикасы резиденттерінің шоттар ашу тәртібінің" деген сөздер алып тасталсын; 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: "4) резиденттердің репатриация талаптарын орындауын қамтамасыз ету мақсатында резиденттердің экспорт және импорт жөніндегі мәміле паспорттарын ресімдеудің бірыңғай ережесі мен шарттарын және экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді; 5) валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметпен айналысуға лицензиялар береді және берудің, беруден бас тартудың, қолданылуын тоқтатудың тәртібі мен шарттарын белгілейді;"; мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: "5-1) валюталық операцияларды тіркеу, валюталық операциялар туралы хабарлау және шетелдік банктерде шоттар ашу тәртібін белгілейді, тіркеу куәліктерін және хабарлау куәліктерін береді;"; 6) тармақша "және валюталық мониторинг жүргізеді" деген сөздермен толықтырылсын; 16-тармақта: 2) тармақшада "; банкаралық клирингке; сейф операцияларына; төлем карточкаларын шығаруға" деген сөздер алып тасталсын; 9) тармақшада "және бухгалтерлік есеп стандарттары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы" деген сөздер "туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын: "9-1) арнайы қаржы компаниялары орындауға міндетті бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және операцияларды автоматтандыру жүйелері мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын, сондай-ақ операцияларды автоматтандыру жүйелеріне қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;"; 11) тармақшада: "қымбат металдардың" деген сөздерден кейін "және қымбат металдардан жасалған монеталардың" деген сөздермен толықтырылсын; "жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде корреспондент банктердің банктік шоттары жөніндегі тапсырмалары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру; банкаралық клиринг; сейф операциялары; төлем карточкаларын шығару;", "чек кітапшаларын шығару;" деген сөздер алып тасталсын; ", сондай-ақ банкаралық клирингті жүзеге асыру, төлем карточкалары мен чек кітапшаларын шығару мен пайдалану тәртібін айқындайды;" деген сөздермен толықтырылсын; 14) тармақшада "бухгалтерлік есептің стандарттарын" деген сөздер "қаржылық есептіліктің стандарттарын" деген сөздермен ауыстырылсын; 17-тармақтың 3) тармақшасында "және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін (валюта мониторингін)" деген сөздер алып тасталсын; 23-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "8) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру, қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру туралы шешімдер қабылдау;"; 28-тармақтың 14) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "14) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі негізінде Қазақстан Ұлттық Банкі берген лицензияларды қайта ресімдеу және бұрын берілген лицензиялардың телнұсқаларын беру туралы шешім қабылдайды."; 2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымында 1-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-1-жолмен толықтырылсын: "14-1. Тәуекел-менеджмент басқармасы".
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.