О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 31 октября 2003 года № 1216 «О квоте иммиграции оралманов на 2004 год» и постановления Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2003 года № 1207 «О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 31 октября 2003 года № 1216» Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 қазандағы № 1216 «2004 жылға арналған көші-қон квотасы туралы» Жарлығын, 2003 ж. 29 қарашадағы № 1207 «Қазақстан Республикасы Президентінің «Оралмандардың 2004 жылға арналған көшіп-келу квотасы туралы» 2003 жылғы 31 қазандағы № 1216 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 қазандағы № 1-216 «2004 жылға арналған көші-қон квотасы туралы» Жарлығын, 2003 ж. 29 қарашадағы № 1207 «Қазақстан Республикасы Президентінің «Оралмандардың 2004 жылға арналған көшіп-келу квотасы туралы» 2003 жылғы 31 қазандағы № 1216 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Аудандардың және Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері, көші-қон және демография басқармасы оралмандардың отбасыларын қабылдауды, қоныстандыруды, жұмысқа орналастыруды және басқа да әлеуметтік іс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалалар бойынша Өзбекстан, Ресей, Моңғолия, Қытай, Түркменстан, Қырғызстан, ТМД-дан басқа елдерінен келген 2004 жылға арналған оралмандардың отбасылары санының квоталары бөлінуі мен Ақмола облысына келген оралмандарды қабылдау мен орналыстыру жөніндегі облыстық штабтың құрамы бекітілсін (қосымша 1, 2).
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Комалдинов И.М.) оралмандарды медициналық тексеруден өткізсін.
Тармақ 4
4. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (А.С. Мадияров) көшіп келушілердің зейнетақысы мен басқа да әлеуметтік төлемдерін Қазақстан Республикасының «Көші-қон туралы» Заңына сәйкес рәсімдеу шараларын қолдансын.
Тармақ 5
5. Облыстық қазынашылық басқармасы (З.А. Исмаилов) (келісім бойынша) оралмандардың бір рет берілетін жәрдем ақыларын төлеуге, көшуге шығарған шығындарын өтеуге, және дәрі-дәрмек алуға Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография агенттігі республикалық бюджеттен бөлген қаржылардың белгіленген мөлшерде және уақытында бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстық білім басқармасы (Е.А. Дмитриенко) оқушылардың оқу орындарында, жалпы білім беретін мектепте профиліне сәйкес оқуын қамтамасыз етсін, мектепке дейінгі мекемелерден орындар берсін. Оралмандардың отбасыларына балалары ана тілінде оқып, тәрбие алуы үшін қажетті жағдайлар жасасын.
Тармақ 7
7. Ішкі істер бас басқармасы (Д.Т. Түсіпбеков) оралмандардың мүліктерін қорғау, тіркеуден өткізу және оларға еркін коныстануы үшін құжаттар беру бойынша іс-шараларды жүзеге асырсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С. Сейітжановқа жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап занды күшіне енеді.
Басқа 10
Қосымша 1
Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 9 ақпандағы № а-2/27
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2003 жылғы
31 қазаңдағы № 1216
«2004 жылға арналған
көші-қон квотасы туралы»
Жарлығын, 2003 жылғы
29 қарашадағы № 1207
«Қазақстан Республикасы
ІІрезидентінің «Оралмандардың
2004 жылға арналған
көшіп-келу квотасы туралы»
2003 жылғы 31 қазандағы
№ 1216 Жарлығын іске асыру
туралы» Қазақстан Республикасының
Үкіметінің қаулысын жүзеге асыру
жөніндегі шаралар туралы қаулысы
Өзбекстан, Ресей, Моңғолия, Қытай, Түркменстан, Қырғызстан, ТМД-дан басқа елдерінен квота бойынша келген оралмандардың отбасылары санын БӨЛУ
Өзбекстан
Ресей
Моңғолия
Қытай
Қырғызстан
Түркменстан
ТМД-ның басқа елдері
Барлығы
Ақмола облысы
528
105
100
65
5
5
2
810
Басқа 11. Облысқа Өзбекстан, Ресей, Моңғолия, Қытай, Түркменстан, Қырғызстан, ТМД-дан басқа елдерінен 2003 жылғы квота бойынша көшіп келген оралмандарды ұйымдасқан түрде кабылдау және орналастыру жөніндегі облыстық штабтың ҚҰРАМЫ
Қосымша 2
Ақмола облысы әкімдігінің
2004 жылғы 9 ақпандағы
№ а-2/27 Қазақстан Республикасы
Президентінің 2003 жылғы
31 қазандағы № 1216 «2004 жылға
арналған көші-қон квотасы туралы»
Жарлығын, 2003 ж. 29 қарашадағы
№ 1207 «Қазақстан Республикасы
Президентінің «Оралмандардың
2004 жылға арналған көшіп-келу
квотасы туралы» 2003 жылғы
31 казандағы № 1216 Жарлығын
іске асыру туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің
қаулысын жүзеге асыру жөніндегі
шаралар туралы қаулысы
Облысқа Өзбекстан, Ресей, Моңғолия, Қытай, Түркменстан, Қырғызстан, ТМД-дан басқа елдерінен 2003 жылғы квота бойынша көшіп келген оралмандарды ұйымдасқан түрде кабылдау және орналастыру жөніндегі облыстық штабтың ҚҰРАМЫ
Сейітжанов А. С. - штаб басшысы, облыс әкімінің орынбасары
Қасенов Т.Ш. - штаб басшысының орынбасары, көші-қон және демография басқармасының бастығы
Штаб мүшелері:
Тармақ 1
1. Әбдіхалық Ж.С. - «Арқа ажары» газетінің бас редакторы
Тармақ 2
2. Бекімов М.Е. - облыстық жер ресурстарын басқару жоніндегі комитеттің торағасы (келісім бойынша)
Тармақ 3
3. Үйсінбаев А.С. - облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы
Тармақ 4
4. Дмитриенко Е.А. - облыстық білім басқармасының бастығы
Тармақ 5
5. Түсіпбеков Д.Т. - ішкі істер бас басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 6
6. Комалдинов И.М. - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Тармақ 7
7. Мадияров А.С. - облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы