О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года № 1271 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат; 2005 ж., № 39, 555-құжат; 2006 ж., № 35, 373-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2008 ж., № 3, 38-құжат; № 35, 364-құжат; 2009 ж., № 15, 106-құжат; № 55, 446-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде: 11-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын; 16-тармақта: 5) тармақшада «уәкілетті органда» деген сөздер «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органда (бұдан әрі - уәкілетті орган)» деген сөздермен ауыстырылсын; 19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «19) лицензиаттарға Қазақстан Республикасының банктік және валюталық заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзғаны үшін өз құзыреті шегінде ықпал ету шаралары мен санкциялар қолданады;»; 17-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: «7-1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өзінің ақпарат жүйелерінен мәліметтер береді;»; мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын: «28-1. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдауға міндетті және осы міндетті орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңда белгіленген жауаптылықта болады.»; 2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымында: 1-бөлімде: реттік нөмірі 12-1 жол мынадай редакцияда жазылсын: «12-1. Қаржы тұрақтылығы департаменті»; реттік нөмірі 14-1 жол мынадай редакцияда жазылсын: «14-1. Даму және тәуекелдерді басқару департаменті».
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.