О внесении дополнений в постановление акимата города Уральска от 31 июля 2003 года № 697 «О создании городского Совета по делам инвалидов» (рег. №2264 от 21.08.2003 года) Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Орал қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 31 шілдедегі № 697 «Мүгедектер ісі жөніндегі қалалық Кеңес құру туралы» қаулысына (21.08.2003 жылғы тіркеу №2264) толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабын басшылыққа алып, Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2003 жылғы 31 шілдедегі N 697 "Мүгедектер ісі жөніндегі қалалық Кеңес құру туралы" қаулыға (21.08.2003 жылғы тіркеу N 2264, "Пульс города" газетінің 4.09.2003 жылғы N 20 санында, "Жайық үні" газетінің 4.09.2003 жылғы N 38 санында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін: Кеңес құрамына енгізілсін: Сағи Жұмағазыұлы Алдыбергенов - қалалық ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары.
Тармақ 2
2. Кеңестің өзгертілген құрамы мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Н. Церковниковке жүктелсін.