О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 31 марта 2004 года N 1327 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 31 наурыздағы N 1327 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" 2004 жылғы 31 наурыздағы N 1327  Жарлығына  мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Республика Президенті Әкімшілігінің штат кестесін бекітсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп он күн мерзімде Мемлекет басшысының қарауына бұрын шығарылған актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларын енгізсін.
Тармақ 4
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Тармақ 5. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚҰРЫЛЫМЫ
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 1524 Жарлығына қосымша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚҰРЫЛЫМЫ Президент Әкімшілігінің Басшысы Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары мен орынбасарлары Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Президент көмекшілері Президент Кеңсесі Президент кеңесшілері Ақпараттық-талдау орталығы Жалпы бөлім Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімі Заңнама және құқықтық сараптау бөлімі Кадр саясаты бөлімі Құқық қорғау мен сот жүйелері мәселелері бөлімі Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттандыру бөлімі Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі Қаржы, бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі Президенттің Парламенттегі өкілдігі Президенттің Баспасөз қызметі Президент Протоколы Қазақстан халықтары Ассамблеясының хатшылығы Мемлекеттік хатшының хатшылығы Президент Әкімшілігі Басшысының хатшылығы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы Ахуалдық орталық Әлеуметтік-саяси бөлім Президенттің "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы өкілі Сыртқы саясат орталығы Жүйелі зерттеулер орталығы