О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 31 августа 2004 года № 917 и от 8 декабря 2004 года № 1289 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.11.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 тамыздағы N 917 және 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр қаулыларына мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 тамыздағы N 917 қаулысында : көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарында: 2005-2007 жылдарға арналған қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiндегi басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiнде (5-бөлiм): "Республикалық бюджеттен дамытуға және кредиттер беруге арналған мақсатты трансферттердiң есебiнен қаржыландырылатын басымды жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) 2005-2007 жылдарға арналған тiзбесi" деген кестеде: "Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы" деген кiшi бөлiмде: реттiк нөмiрi 26-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "Астана қаласының Орынбор көшесi бойынан 1200 орындық орта мектеп салу"; "Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасы" деген кiшi бөлiмде: реттік нөмiрi 372-жолда: 5-бағандағы "1200000" деген сандар "1100315" деген сандармен ауыстырылсын; 7-бағандағы "500000" деген сандар "400315" деген сандармен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 378-жолда: 5-бағандағы "8259149" деген сандар "8358834" деген сандармен ауыстырылсын; 7-бағандағы "673449" деген сандар "773134" деген сандармен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289 қаулысында : көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: 04 "Білім беру" функционалдық тобында: 225 "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi" әкiмшiсi бойынша: 012 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне білiм беру объектілерін салуға және қайта жаңартуға берілетiн нысаналы даму трансферттерi" бағдарламасы бойынша: "Астана қаласының Чернышевский-Ушаков көшелерi ауданында" деген сөздер "Астана қаласының Орынбор көшесi бойынан" деген сөздермен ауыстырылсын; 08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк, оның iшiнде инвестициялық жобаларға:" функционалдық тобында: 200 "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi" әкiмшiсi бойынша: 026 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мәдениет және спорт объектілерiн дамытуға берілетiн нысаналы даму трансферттерi" бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын: "026 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мәдениет және спорт объектілерiн дамытуға берілетiн нысаналы даму трансферттерi 2705784 оның iшiнде инвестициялық жобаларға: 2000 орындық цирк ғимаратын салу 1032335 "Думан" ойын-сауық объектілерi кешенi 773134 Қоянды өзенiнiң су қоймасында Астана қаласының тұрғындарына арналған қысқа мерзiмдi демалыс аймағы 400315 Астана қаласында теннис кортын салу 500000".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.