О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 марта 2005 года N 101 "Об утверждении Положения о кадровом резерве и проведении конкурса на замещение вакантной должности нотариуса" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 31 наурыздағы N 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 15) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылы 31 наурыздағы N 101 бұйрығын (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 3547 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған N 14 2005 ж. мамыр, 62-құжат), "Кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылы 31 наурыздағы N 101 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 1 ақпандағы N 36 Бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 4069 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы Ережеде: 8-тармақтағы "11" деген цифр "7" деген цифрмен ауыстырылсын; 8-1 тармақ алып тасталынсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.