О внесении изменений и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 марта 2005 года № 101 "Об утверждении Положения о кадровом резерве и проведении конкурса на замещение вакантной должности нотариуса" Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылы 31 наурыздағы № 101 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 15) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылы 31 наурыздағы N 101 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 3547 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзгеде мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 ж. мамыр, 62-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кадырлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы ережеде: 8-тармақта "5" деген сан "11" деген санмен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын: "8-1. Комиссияның құрамында жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ғалым-заңгерлер болуы мүмкін"; 9-тармағындағы "нотариаттық палатаның келісімі бойынша" деген сөздер алынып тасталынсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.