О внесении изменений и дополнений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 31 октября 2005 года № 337-I «Об утверждении Правил ведомственной экспертизы технической документации для среднего ремонта автомобильных дорог Республики Казахстан» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттаманы ведомстволық сараптаманың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 31 қазандағы № 337-I бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттаманы ведомстволық сараптаманың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 31 қазандағы № 337-I бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3929 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттаманы ведомстволық сараптаманың қағидаларында: 4-тармақта: екінші бөлік мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) қолданыстағы нормативтік-құқықтық және техникалық құжаттарға сәйкес оларды жою үшін тапсырыс берушіге жобаның техникалық шешімдері бойынша ескертулер мен ұсыныстар жібереді.»; үшінші бөлігінің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «2) сұрау салуды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сұрау салынған құжаттарды ұсынбау; 3) сараптама тобының берілген ескертулерін жазбаша ескерту берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жоймау.»; 6,7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «6. Техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу ұзақтығы күнтізбелік 36 (отыз алты) күнінен аспауға тиіс. 7. Жобаны іске асыру барысында бекітілген техникалық құжаттамаға жобалық шешімдерге, қолданылатын жол-құрылыс материалдарына және жол жамылғысының құрылымына қатысты өзгерістер енгізуге жол берілмейді. 8. Бұрын бекітілген техникалық құжаттама егер оң қорытынды берілген күннен бастап бір жыл ішінде жөндеу жұмыстары басталмаса, мердігерлік ұйыммен шарт жасалмаса немесе бұзылған болса, осы Қағидаларға сәйкес қайта сараптама жүргізуге және қайта бекітуге жатады.»; мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын: «8-1. Жөндеу жұмыстары басталмаған және мердігер анықталмаған нысандар бойынша бағалар мен жобалық шешімдерді өзектендіру кезінде бұрын берілген қорытындының күшін жоя отырып, бұрын берілген техникалық құжаттаманы қайта бекітуге рұқсат беріледі.»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Сараптама тобының шешімімен келіспеген жағдайда тапсырыс беруші оған Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларына сәйкес шағымдануға құқылы.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.