О внесении изменений и дополнения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 31 марта 2006 года № 08-2/83 "Об утверждении Условий труда внештатных работников, принятых на месте на работу в загранучреждения Республики Казахстан, в том числе из числа членов семей персонала дипломатической службы" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерден, соның ішінде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 08-2/83 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерден, соның ішінде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 08-2/83 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4194 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерден, соның ішінде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек шарттарында: бүкіл мәтін бойынша «жеке» деген сөз алынып тасталсын; 2-тармақтағы «мерзімді» деген сөз алынып тасталсын; 4-тармақ «басқа лауазым бойынша» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген жағдайларда» деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақта «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында» деген сөздер мен санды «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен» деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақтың бесінші бөлігі алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ___________ Г. Әбдіқалықова 2010 жылғы 29 қыркүйекте