О внесении изменений и дополнения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 31 марта 2006 года № 08-2/83 "Об утверждении Условий труда внештатных работников, принятых на месте на работу в загранучреждения Республики Казахстан, в том числе из числа членов семей персонала дипломатической службы" Күшін жойған
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерден, соның ішінде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 08-2/83 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерден, соның ішінде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 08-2/83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4194 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерден, соның ішінде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек шарттарында:
Тармақ 1
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 1
«1. Осы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерден, соның ішінде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек шарттары (бұдан әрі - Шарттар) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы негізінде әзірленген және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде штаттық дипломатиялық және әкімшілік-техникалық қызметке тағайындаусыз, еңбек шарттары негізінде еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдардың еңбек шарттары мәселелеріне қатысты құқықтық қатынастарды реттейді.»;
Тармақ 3
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 3
«3. Штаттан тыс жұмыскерлер (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар) әкімшілік, техникалық және шаруашылық функцияларын орындау үшін қызметке қабылданады.»;
Тармақ 7
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 7
«7. Штаттан тыс жұмыскерлердің жалақысы шетелдік валютада:
мерзімді (нақты жұмысты атқарған уақыты үшін);
кесімді (белгілі бір жұмыс көлемін орындағаны үшін) төленеді.
Штаттан тыс жұмыскердің шекті жалақысы Қазақстан Республикасының шет елдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі айлықақысының 30 пайызы көлемінде белгіленеді.
Штаттан тыс жұмыскерлердің шет елде жұмыс істеген уақытына Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жалақы төленбейді.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 9-1
9-1. Штаттан тыс қызметкерлер Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі басшысы бұйрығының негізінде қысқа мерзімді іс сапарға жіберіледі.
Іссапар шығыстарын өтеу «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшісі болып табылатын Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет органдарының персоналы үшін белгіленген көлемде жүзеге асырылады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта – қаржы департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және міндетті жариялауға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
___________ Т. Дүйсенова
«30» желтоқсан 2013 жыл